Оңтүстік Мұнай құбыры

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

“Оңтүстік мұнай құбыры” – еліміздің ірі мұнай тасымалдау желісі.<ref>Қазақ энциклопедиясы, 7 том</ref>

Тарихы

1968 – 70 жылы бұрынғы Атырау және Маңғыстау магистралдық мұнай өнімдері басқармалары мен “Өзен – Құлсары – Атырау – Самара” мұнай құбыры басқармасы негізінде осы атпен өндірістік бірлестік ретінде құрылған. Маңғыстау мұнайын ЕділЖайық бағытындағы мұнай ағынына қосу және мұнайды араластыру, құбырлармен тасымалдауды бір жерден басқару әрі сол кездегі ең үлкен мұнай құбыры – “Өзен – Құлсары – Атырау – Самара” магистралдық мұнай құбырының сенімді жұмыс істеуін қамтамасыз ету мақсатымен бұл мекеме 1971 жылы Гурьев (қазіргі Атырау) қаласынан Шевченко (қазіргі Ақтау) қаласына көшірілді.

Негізгі мұнай құбырлары

Бірлестіктің пайдалануында болған негізгі мұнай құбырлары: ұзындығы 141,5 км “Өзен – Жетібай – Ақтау” (1966), ұзындығы 1932 км “Өзен – Атырау – Самара” (1970), ұзындығы 264,5 км “Қаламқас – Қаражанбас – Ақтау” (1979), ұзындығы 30 км “Сарықамыс – Теңіз” (1968), ұзындығы 105,9 км “Прорва (Теңіз) – Құлсары” (1986), ұзындығы 84,7 км “НПС-3 – Қосшағыл” (1940), ұзындығы 18,75 км “Іскене – Эстакада” (1936), ұзындығы 85,6 км “Мартыши – Атырау” МӨС (1972), ұзындығы 47,6 км “Комсомольск – Мақат” (1942), ұзындығы 22,9 км “Мұнайлы – Қосшағыл” (1950), ұзындығы 63,6 км “Ақтау – Жетібай” (1990), ұзындығы 34,3 км “Доссор – Мақат” (1991). Бірлестік 1997 жылы 1 қаңтардан “ҚазТрансОйл” ұлттық мұнай тасымалдау компаниясы ЖАІ-ның құрамына еніп, оның Батыс бөлімшесіне айналды. Қазір қарамағында “Өзен – Атырау – Самара”, “Қаламқас – Қаражанбас – Ақтау”, “Ақтау – Жетібай – Өзен”, “Мартыши – Атырау – Доссор” мұнай құбырлары және Еділ, Жайық, Сауысқан өзендерінен Атырау мен Маңғыстау облысының тұтынушыларына су тасымалдайтын бірнеше су құбырлары жұмыс істейді.

Тағы қараңыз

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}} {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}