Оңтүстік Маңғыстау артезиан алабы

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Оңтүстік Маңғыстау артезиан алабы – жер асты суы бар өңір; Каспийдің шығыс бөлігінде, шығыста Үстірт шыңына дейін, солтүстік Қаратаудан (Маңғыстаудағы) басталып, оңтүстікте Түрікменстанға дейінгі аймақты қамтиды. <ref>Қазақ энциклопедиясы, 7 том</ref>

Қалыптасуы

Юра, бор, палеоген, неоген шөгінділерінен құралған алаптың жалпы тереңдігі Қаратау маңы мен Түрікменстан шегінде 1,5 – 2 км, алаптың ортасында 5 – 6 км шамасында. Юра мен төменгі бор қабаттарында қалыптасқан сулардың арыны күшті. Ұңғымалармен көзін ашқанда жоғары көтеріліп, жер бетінен 20 – 90 м биікке шапшып шығады. Бұл арадағы ең сулы қабат жалпы қалыңдығы 50 – 300 м болатын, түйіршікті құм, құмтастардан тұратын альбессеномен шөгінділерінде қалыптасқан. Ол шөгінділердегі сулар Қаратау маңында және Беке-Басқұдық құрылымында 200 – 350 м, ойыс ортасында 1200 – 1500 м тереңдікте жатады. Осындай тереңдіктен ұңғымалар арқылы алынған арынды судың өнімділігі 10 – 20 л/с-тен 50 – 60 л/с-ке дейін жетеді.

Минералдығы

Қаратау мен Қарақия маңында оның минералдығы 0,7 – 3 г/л болса, Жетібай, Өзен мұнай кен орындары мен Түпқараған жерінде 10 – 30 г/л, ал ойыстың ортасында 110 – 220 г/л-ге дейін жетеді. Ұңғымалар арқылы алынған сулар елді мекендерді сумен қамтамасыз ету, жер суару үшін пайдаланылады.

Сілтемелер

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}