Оңтүстік Жоңғар Кенді Аймағы

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Оңтүстік Жоңғар кенді аймағы, Алматы облысында орналасқан. Солтүстігінде Көксу өзені арқылы бөлініп, оңтүстігінде Жетісу Алатауымен шектеледі. Аймақтың металлогениясы негізінен, көптеген алтын-күмісті формациялы кен орындарымен (Арқарлы, Далабай, Игілік, Быжы, т.б.) және кен көздеріне (Малайсары, Қалқан, Қатутау, Қызылсай, т.б.) байланысты кейінгі палеозойлық жанартаулы-плутоногенді магматизмнің болуымен анықталады. Кен орындары күрделі палеожанартаулық құрылымдар жүйесінен өтетін, сақиналы жанартаулы тектоникалық құрылымдардағы концентрлі және радиалды жарылымдарға тәуелді. Олар адуляр-кварц және галенит-сфалерит-кварц құрамды желілі кенді денелерден тұрады. Жиектері эпидот-актинолит-хлоритті метасоматиттер мен туынды кварциттер болып келеді. Бұл аймақтан алтын мен күмістің маңызды кен орындарының ашылу мүмкіндігі бар.<ref>Қазақ энциклопедиясы, 7 том</ref>

Сілтемелер

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}} {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}


{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Оңтүстік Жоңғар Кенді Аймағы|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }}