Оңдасын Елубай

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Оңдасын Елубай - 1950 жылы 22 мамырда Шығыс Қазақстан облысы, Зайсан ауданының Саржыра ауылында туған. 1967 жылы Өскемен қаласындағы Жамбыл атындағы мектеп-интернатты бітірген соң, бір жыл облыстық «Коммунизм туы» (қазіргі «Дидар») газетінде корректор болып жүмыс істеген. 1973 жылы Қазақ мемлекеттік университетінің журналистика факультетін, 1986 жылы Алматы Жоғары партия мектебін тамамдаған.

1973 жылы облыстық «Дидар» газетінде, облыстық радио және телекомитетінде редактор, тілші, бөлім меңгерушісі болған. 1990 жылдан бері «Егемен Қазақстан» газетінің Шығыс Қазақстан облысындағы меншікті тілшісі болып қызмет атқарады.

Шығармашылығы

«Алтайым — алтын тамырым», «Аялайық Алтайды», «Жүрегімде жастықтың ізі қалды», «Шымыр келер Шығыстың 9л-қыздары», «Жанарымда — жасыл қүрлық», «Париж-Сидней — саңлақтар саңлауы», «Азиатский аккорд мирового футбола», «На земле древней Эллады», «Уроки Турина», «Турин тағлымы» сияқты бірнеше жинақтар мен кітаптардың авторы.

Жетістіктері

Қазақстан журналистер одағы сыйлығының иегері және Қазақстан Республикасының Құрмет Грамотасымен, «Қазақстан спортына сіңірген еңбегі үшін» Қүрмет белгісімен марапатталған. Зайсан ауданының Құрметті азаматы.<ref>Қазақстан жазушылары: Анықтамалық/Құрастырушы: Қамшыгер Саят, Жұмашева Қайырниса - Алматы: «Аң арыс» баспасы, 2009 жыл</ref>

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}