Оқыра

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Оқырасиырдың инвазиялық созылмалы ауруы.<ref>Қазақ энциклопедиясы 7- том, А. Керімбаев</ref> Қоздырғышы – Hypoderma туысына жататын бөгелектердің (H. bovіs, H. lіneatum) дернәсілдері. Оқырамен сиыр, буйвол, қодас, зебу, жас мал ауырады. Жылқыда сирек кездеседі. Оқырамен ауырған малдың сүті, салмағы кемиді. Оқыра дернәсілі мал терісін тесіп, жарақаттайтындықтан, терісінің сапасы 30 – 50%-ға төмендейді.

Аурудың жұғу жолдары

Ұрғашы бөгелек маусым – шілде айларында ұрықтанған соң 1 – 2 сағаттан кейін малға қонып 800 (H. bovіs), 450 (H. lіneatum) жұмыртқа салады. Бұдан 3 – 5 тәулікте дернәсіл дамиды да, ол мал терісін тесіп, тері астына енеді. Мұнда күрделі дамып, екі рет түлеп, көбінесе малдың арқа терісінің астында 3 – 5 ай мекендейді. Дернәсіл тұрған жер ісінеді, жұқарып, тесік пайда болады. Бұдан жерге түскен дернәсіл топыраққа еніп, 20 – 60 күнде ересек бөгелекке айналады. Бөгелектердің кейбір түрлері қой танауына, жылқы жалына, сауырына жұмыртқалап, пысқырық, телімсіз айналма, гастрофиез ауруларын туғызады. Тері астында пайда болған дернәсілді құрту үшін хлорофостың 2%-дық судағы ерітіндісі қолданылады. Оны 30˚С-қа дейін жылытып (ересек мал басына 350 мл, жас малға 200 – 250 мл), мал терісінің дернәсіл түскен жерін ысқылап жуады, емді 30 – 35 күнде қайталайды. Оқыраның алдын алу үшін бөгелек жаппай ұшқан кезде малды түнде жаю, түс кезінде қорада ұстау, хлорофостың 1%-дық немесе трихлорометафостың 3%-дық эмульсиясын мал терісіне 20 – 25 күн сайын бүрку керек.

Ішкі сілтемелер

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}} {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}


{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Оқыра|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }}