Оххум

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

ОХХУМ ҚАЛАЖҰРТЫ 6-12 ғғ.<ref>Қазақ мәдениеті. Энциклопедиялық анықтамалық. Алматы: “Аруна Ltd.” ЖШС, 2005 ISBN 9965-26-095-8</ref> – ортағасырлық қала орны. Жамбыл облысы Байзақ ауданы Тегістік ауылынан солтүстік-батысқа қарай 13,5 км қашықтықта, Тегістік-Бостандық тас жолының сол жағында 1 км қашықтықта орналасқан. Географиялық координаттары 42 Т 691599 4813630. солт.-шығысқа қарай 11 – 13 км жерде.

Ескерткіштің сипаттамасы:

Алгаш рет 1894 жылы В.В. Бартольд, 1936-38 жж. САЭ ММТИ мен КСРО ҒА Қазақстандық бөлімшесі (А.Н. Бернштам) зерттеген. 1983 жылы Қаз МУ-дың археологиялық отряды сұлбалы жоспарды түсірген, екінші және үшінші дуалдың кесінділері жсалынған, бетінен керамикалық материал жинақталған (М.Е. Елеуов). 1986 жылы Қаз КСР ГА ТАЭИ экспедициясы (К.М. Байпақов), 2000 жылы ҚР ҒА Ә.Х. Марғұлан атындағы Археология институтының ОҚКАЭ (К.М. Байпақов, Д.А. Лобас) зерттеген. 2010 жылы «Археологическая экспертиза» ЖСШ ескерткіштер Жинағы экспедициясы (С.Ақылбек, Ш.Құдабаев) зерттеп, құралмен жоспарын түсіріп, координаттарын алған. Жер бетіндегі көзбен шолу мен аэрофотосуреттерді зерттеу нәтижесінде ескерткіштің топографиялық жағынан күрделі, екі қатарлы қабырғалармен қоршалған құрылым екенін анықтады. Бекініс жоспарда төртбұрышты алаңқай түрінде, қабырғаларының өлшемдері: оңтүстігі – 414 м, батысы – 368 м, солтүстігі – 397 м, шығысы – 368 м, биіктігі – 3-4 м. Жайылған дуалмен қоршалған, қабырғалары дүниенің тараптарына қараған. Дуалдың биіктігі – 4-4,5 м, табанындағы ені – 18 м, үстіңгі ені – 5 м. Биіктігі 5 м-ге дейін жететін мұнаралар қабырғалардың бұрыштары мен периметрі бойынша орналасып, қабырға сызығынан сыртқа қарай 13-15 м шыққан. Мұнаралардың жалпы саны – 14, соның ішінде 4-еуі бұрыштық. Олардың оңтүстік-шығыста орналасқан бірі ішкі қамал қызметін атқарса керек. Бұл дөңестің етегіндегі өлшемдері: солтүстіктен оңтүстікке қарай – 60 м, шығыстан батысқа қарай – 50 м. Үстіндегі алаңқайдың өлшемдері – 17х11 м. Қакпалар батыс және шығыс қабырғалардың ортасында орналасқан. Олардың жүйесі күрделі қосымша бекіністері бар. Шығыс кіре беріс төртбұрышты редутпен, ал батыстағысы шығыңқы дуалмен қапсырылған. Шығыс қақпалық бекіністің өлшемдері 50х30 м. Қақпа ені – 6 м. Қақпаға өтетін жол ені 20-дан 25 м-ге дейін, тереңдігі 1,5-2 м орға салынған бөгет арқылы өткен. Қалажұрттың ішкі бетінде адырланған. Бұл шығыс және батыс қақпаны байланыстырған бас көше мен одан тараған кішігірім көшелер бойындағы тығыз құрылыстардың болғандығын білдіреді. Сыртқы екінші қабырға ішкісінен 50-60 м жерде алшақ тұр. Сыртқы тікбұрыштың өлшемдері: оңтүстік дуалы – 415 м, солтүстігі – 400, шығысы – 370, батысы – 375 м. Сыртқы дуал аласа, биіктігі – 3-4 м, етегіндегі ені – 7-10 м. Бұрыштарында мұнаралар болған, сондай-ақ екеуі шығыс қабырғадағы қақпаны қапсарлаған. Қақпа тікбұрышты үлгідегі құрылыспен нығайтылған. Сыртынан ені 20 м, тереңдігі 1,5 м ор қазылған. Орға қақпаларға қарай өтетін бөгет салынған. Сыртқы қабырғаның арғы жағында одан 15 м-ден 40 м-ге дейін қашықтықта, қалыпсыз пішіндегі тағы бір дуал орналасқан. Оның етегіндегі ені 7 м-ге дейін барады, биіктігі 0,5-1,7 м-ге дейін. Оның сырты мен ішінде ор бар. А.Н. Бернштамның ойынша, бұл дуал қорғаныс жұмыстарына қажет контрэскарп тектес құрылыс болған. Бұл оймен келісуге әсте болмайды, өйткені калажұртың аэрофотосуреттері көрсеткендей, дуалға қабырғамен қоршалған ауылшаруашылық аймақтарының телімдері жапсарласқан. Бұл әртүрлі көлемдегі тікбұрышты телімдер, ішінде ұсақ телімдерге бөлінген. Олардың әрқайсысы тұрғын үй – жер иеліктері болған. Бұл телімдер қалажұртты барлық жағынан 350-ден 400 м-ге дейінгі қашықтықта қоршап жатыр. Батыс жағындагы үш ірі телім анағұрлым жақсы сақталған. Олардың бірінің пішіні – шаршы тәрізді, қабырғаларының ұзындығы – 300 м. Ол өз кезегінде 5 немесе 6 ұсақ телімдерге бөлінген. Оххум маңында, Талас өзенінің сол сағасы – Қарабахр өзен суын қолданған ежелгі суландыру жүйелерінің қалдықтары байқалады. Одан ұзындығы 2,5-6 км-ге дейінгі магистральді каналдар тартылған. Каналдардың бірінің бастауын қамал қорғап тұрған. Қазір бұл диаметрі 20 м және биіктігі 6 м дөңес. Қалажұрттың бетінен, қабырғалардың құландыларынан, каналдардың қырқылған тұсынан жинақталған керамика 6-12 ғғ. жатады.

Дереккөздер

<references/> Әдеб.: Таласская долина. Труды Семиреченской археологической экспедиции 1936-1938 жж. / Составлены под. общ. ред. проф. А.Н. Бернштама; Материалы и исследования по археологии Казахской ССР. Алма-Ата, 1949. Т. I. С. 8, 26, 85, 86, 105, 110-112 (ҚР ҒА Ә.Х. Марғұлан ат. АИ-ның мұрағаты); Пацевич Г.И. Историческая топография городов и поселений Южного Казахстана 7-15 вв. н. э. (по археологическим данным). Дис. к. ист. н. М., 1954. С. 288-291; Археологическая карта Казахстана. Алма-Ата, 1960. № 3746; Бартольд В.В. Отчет о поездке в Среднюю Азию с научной целью. 1893-1894 жж. Соч. в 9-ти т. М., 1966. Т. 4. С. 31; Елеуов М. Е. Археологическая разведка на территории Джамбулской области. Отчет «Археолого-этнографическое изучение Чуйской долины, 1983 г.». Алма-Ата, 1986. С. 41-44 (архив ИА им. А.Х. Маргулана АН РК); Алипчеев С, Байбосынов К. Свод памятников истории и культуры Джамбулской области. Джамбул, 1982. № 394; Байпаков К.М. Средневековые города Казахстана на Великом Шелковом пути. Алматы, 1998. С.108-114; Свод памятников истории и культуры Республики Казахстан. Жамбылская область. Алматы, 2002.№139. {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}


{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Оххум|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }}