Оферта

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Сурет:Pub oferta 1.jpeg
ашығы оферт

Оферта (Үлгі:Lang-la – ұсынамын) – ұсынушы тараптың (оференттің) екінші тарапқа (акцептантқа) заң жүзінде міндеттейтін шартқа кіру тілегін жазбаша, ауызша хабарлауы немесе соған ниет білдіруі. Осы хабарлама шарттарына орай оферта жолданған тарап оны іс-әрекеті, қалыс қалуы немесе ыңғайласпа міндеттеме қабылдауы арқылы өзінің оферентпен байланысқа түсетінін айқын білдіреді. Офертада нақты шарттар баяндалады, мысалы, өнімнің құны, өнімді орындау, табыстау мерзімі, өнім үшін және оференттің пікірінше, ықтимал тапсырыскерді немесе сатып алушыны қызықтыратын өзге де ақпарат үшін есеп айырысу тәртібі көрсетіледі. Әдетте, оферта нақты тарапқа жолданады, баспасөзде немесе телехабарда, сондай-ақ сауда-саттықта көпшілікке жария етіледі. Алайда оферта бойынша шарт жасасу міндеттемесі тек оны екінші тарап қабылдап, оферент белгіленген нысанда хабарлама алғанда ғана туындайды. Оферта ықтимал акцептантқа хабарланып, мәлім болған сәттен жарамды деп саналады. Егер ықтимал сатып алушы тарап ұсынылған шарттармен, мысалы, шарттағы баға деңгейімен, мерзіммен, тех. сипаттамамен және офертада көрсетілген басқа да көрсеткіштермен келіспейтін болса, онда ол өзі қоятын шарттар негізінде шарт жасасу туралы ыңғайласпа іскерлік ұсыныс (ыңғайласпа оферта) жасайды. Бұл ұсыныс шарттық қатынасқа түсу ұсынысы емес, жай сұрау салу түрінде болады. Оферта тұрлаулы және ерікті оферта түрлеріне бөлінеді.
Тұрлаулы оферта – бір ықтимал сатып алушыға немесе тапсырыскерге табыс етілген жазбаша ұсыныс, онда оферент өзінің ұсынысымен өзін акцептантпен байластыратын мерзімді көрсетеді және басқа акцептантқа осындай ұсыныс жасай алмайды.
Тиянақты офертада белгіленген мерзім ішінде жауап алмау бас тартқанға тең және оферентті өзі жасаған ұсыныстан босатады. Көбінесе тұрақты офертаны жөнелтпестен бұрын оферент акцептантпен оның жекелеген шарттарын келісіп алады.
Ерікті оферта – бір мезгілде бірнеше акцептантқа жасалатын ұсыныс, онда жауаптың нақты мерзімі белгіленбейді және ол оферентті ешқандай міндеттемемен байланыстырмайды. <ref>Қазақ энциклопедиясы, 7том</ref> <ref>Қаржы-экономика сөздігі. - Алматы: ҚР Білім және ғылым министрлігінің Экономика институты, "Зияткер" ЖШС, 2007. ISBN 978-601-215-003-2</ref>

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}Үлгі:Economy-stub

de:Angebot (Recht) en:Tender offer et:Pakkumus fr:Offre publique d'achat nl:Offerte pl:Oferta pt:Oferta ru:Оферта sr:Јавни позив за прикупљање понуда uk:Оферта