Отырар кітапханасы

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Отырар кітапханасы — моңғол билігіне дейінгі Отырарда орналасқан ірі кітапхана. Фарабтағы (Отырар) кітапхананың негізін қалаушы ретінде ғалым әрі философ Әл-Фараби қарастырылады.Үлгі:SfnҮлгі:SfnҮлгі:SfnҮлгі:Sfn<ref>«Знаменитая в ту пору отрарская библиотека, любовно собранная великим Абу-Насром аль-Фараби, находилась глубоко под землёй, под пятью пластами Гумбез Сарая» — Молодая гвардия. — 1982. — № 9. — С. 274</ref>Үлгі:Ref-ru XII ғасырдың соңындағы кітап жинақтардың қараушысы Сунақ руынан шыққан Хисамуддин делінеді. Кітапхана ауқымы жағынан тек Александрия кітапханасына жол береді. Отырар Шыңғысхан жорықтарынан кейін жер бетінен тып-типыл етілді, ал кітапхананың кейінгі тағдыры әлі күнге дейін белгісіз. Кітаптардың тағдыры жайлы жазба деректерде айтылмаған. Ортағасырлық өзге кітапханалардың тағдыры жайлы аңыздар сияқты Отырар кітапханасының кітаптарының айналасында әңгімелер көп. Осы жағымен ол іздеушілерді өзіне тартады. Кейбір деректердің хабарлауынша моңғол шапқыншылығы кезінде кітаптардың жерасты жолдарында сақталуы мүмкін. Кейіннен оларды жеті жасар бала тауып алады делінеді. Десе де мұндай жорамалдар нақты дәлелдемелерге негізделмегендіктен ғылымда мойындалмай отыр.

Әдебиетте

Зубин Домбровскийдің "Факультет ненужных вещей" кітабында Отырар кітапханасын іздейді.

Дереккөздер

Үлгі:Дереккөздер