Отырар алқабы газеті

Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Мұнда ауысу: шарлау, іздеу

"Отырар алқабы" газеті - аудандық қоғамдық саяси газет. Шәуілдір ауданы партия комитеті ұйымдастыру бюросының 22.3.1935 жылы №3 қаулысы бойынша "Социалистік Шәуілдір" (редакциясы — Темір станциясында), 1962—63 жылы аудан аты Қызылқұм болып өзгеруіне байланысты "Қызылқұм" (редакциясы — Шәуілдір ауданында) деген атпен жарық көрген. Алғашкы редакторы — С.Боранбаев. 1991 жылдан газет аудан атымен жаңарып "Отырар алқабы" болып өзгергілді. 1935—40 жылы латын, 1940 жылдан кириллица әрпімен шығады. Газет 1935—70 жылы қолмен, 1970— 89 жылы линотиппен, 1989—99 жылы фото теріммен 2000 жылдан электронды тәсілмен теріледі. Газеттің таралымы — 4000 дана (2005).<ref>Отырар. Энциклопедия. – Алматы. «Арыс» баспасы, 2005 ISBN 9965-17-272-2</ref>

Дереккөздер

<references/>

Үлгі:Суретсіз мақала

Үлгі:WikifyҮлгі:Stub