Отан қорғау күні

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

1992 жылы мамырдың 7-сі күні Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ə. Назарбаевтың Жарлығымен Қазақстан Республикасының Қарулы күштері құрылды. Осы кезден бастап бұл күн «Отан қорғау күні» болып аталып жүр. Қазіргі таңда республикамыздың көршілес мемлекеттермен өзара тəжірибе алмасып, бірлесіп жұмыс істеуіне мүмкіндік туған.1995 жылы ынтымақтастық операцияларына қатысу мақсатымен Орта азия батальоны (Ортаазбат) құрылды. Мемлекетіміздің Қарулы күштері өз еліміздің тыныштығын қорғап қана қоймай, бейбітшілік үшін күреседі.


Дереккөздер

«Сен білесін бе?» энциклопедиясы. Автор: Райымбеков Қ.Ж., Байғабылова Қ.Т.