Оспан Көбеев

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Оспан Көбеев (1876, Маңғыстау облысы Арыстан Шалбар ауданы – 1930) – Ресей империясы армиясының подполковнигі. 7 жасында жетім қалған. Адай уездік әкімшілігінің көмегімен Орынбор кадет корпусына түсіп, оны үздік бітіріп шығады. Мәскеудегі Александровск әскери училищесін үздік бітіреді (1899). Ашхабадтағы Ресей империясы армиясының 2-Түркістан артиллерия бригадасында кіші офицер болады, 1904 – 05 ж. болған орыс-жапон соғысында 1-Шығыс Сібір таулы артиллерия бригадасының кіші офицері ретінде көрсеткен ерлігі үшін офицерлік Георгий кресімен марапатталған. 1907 – 12 ж. 2-Түркістан армиялық корпусы құрамында Кавказ соғысына қатысқан. 1915 ж. капитан, 1917 ж. подполковник атағын алады. Батарея командирі болады. 1918 ж. әскер қатарынан босап, Ашғабад қаласына келеді. Саяси көзқарасы жағынан социалист-революционер (эсер) болған Көбеевті 1 шілдеде Закаспий облысы кеңесі Адай уезінің әскери комиссары етіп бекітеді. Осы қызметте жүріп Көбеев кемеге артып қару әкелген Ә.Жангелдин отрядын қарсы алады, оларға Бозащы түбегіне түсуге кеңес береді. Ашаршылық кезінде Ашғабадтан 7 млн. сом ақша әкеліп, аштарға көмек ұйымдастырады. Маңғыстауда ақтар үкіметі қайта орнап, түбекке генерал Толстовтың жазалаушылары келген кезде жергілікті большевиктерді аман алып қалуға ат салысады. 1920 ж. Колчак үкіметі Көбеевке полковник атағын береді. Кеңес үкіметі орнағаннан кейін 1922 ж. ВЧК коллегиясы оны 2 жылға соттап, Холмогорскідегі Соловки лагеріне жіберуге үкім шығарады. 1924 ж. елге оралған ол әр түрлі жұмыстар атқарады. 1929 ж. қайта тұтқындалып, ұзақ тергеуден кейін ОГПУ үштігінің үкімімен атылады.

Дереккөздер

<references/>Қазақ Энциклопедиясы, 11 - том

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}} {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}


{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Оспан Көбеев|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }}