Осип Андреевич Игельстром

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Сурет:Levitsky Igelstrom.jpg
О. А. Игельстромның портреті (Д. Г. Левицкий)

Осип Андреевич Игельстром, Отто барон (1737 – 1812) – патшалық Ресейдің қазақ халқын отарлау әкімшілігінің өкілі, генерал-губернатор.

Генерал-поручик, барон, кейін жаяу әскер генералы болған. 1784 – 92 жылдары Сібір және Уфа губерниясының генерал-губернаторы, 1796 – 98 жылдары Орынбор әскери губернаторы болған. 1-орыс-түрік соғысына, Швециямен соғысқа қатысқан. 1792, 1793 жылары Ресей губернияларында бірқатар әкімшілік басқару қызметтерін атқарған. Кейін Ресейдің Польшада орналасқан әскерлеріне басшылыққа тағайындалған. Негізгі қызметі Орынбор өлкесін және Кіші жүз қазақтарын басқаруды реформалау ісімен тығыз байланысты болған. Игельстром – Сырым Датов бастаған ұлт-азаттық қозғалысты басып жаншушылардың бірі. Оның қазақ өлкесін басқаруының алғашқы кезеңінен-ақ Кіші жүз билеушісі Нұралы ханмен арадағы қатынасы шиеленіскен болатын. Ол Нұралы ханның халық алдында беделін түсіруге тырысып бақты, Екатерина ІІ-нің қолдауына арқа сүйеп, Кіші жүздегі хан тұқымымен күрес жүргізді. Кейін Нұралы ханның билік басынан кетуіне де, Уфаға жер аударылуына да Игельстром себепші болған. Казак әскерлерін Айшуақ ханға қарсы пайдаланған. Кіші жүзде Ресейдің отаршыл саясатын жүзеге асыру, хандық билікті жою мақсатында жүргізген Игельстром реформасы сәтсіз аяқталды. 19 ғасырдың басынан Игельстром саяси аренадан кетті.

Тағы қараңыз

Сілемелер

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}


{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Осип Андреевич Игельстром|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }}