Ор (өзен)

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Үлгі:Өзен

Ор Жайық алабындағы өзен.

Географиялық орны

Ақтөбе облысының Мұғалжар, Хромтау аудандары жерімен ағады. Ұзындығы 332 км, су жиналатын алабы 18600 км2.

Бастауы

Мұғалжар тауының солтүстік-батысындағы бұлақтардан басталып ( Шилі, Терісбұтақ, т.б.), Орск қаласы тұсында (Ресей) Жайық өзеніне сол жағынан құяды.

Гидрологиясы

Аңғары кең (1 – 3 км), сағасына жақын тұста 18 – 20 км-ге жетеді. Арнасы 5 м, төменгі ағысында 80 м-ге жетеді. Өзеннің ірілі-ұсақты 14 саласы бар. Ірі салалары: Қамысақты, Ойсылқара. Жауын-шашын, ішінара жер асты суымен толысады. Сәуірде тасып, су деңгейі 5 м-ге дейін көтеріледі. Жылдық орташа су ағымы 4,05 м3/с-тен (Қопа ауылы тұсында), төменгі ағысында 13,0 м3/с-ке дейін (Майлытөбе ауылы тұсында). Суы көктемде тұщы, жазда сәл кермек татиды. Өзен суы шаруашылық мұқтажына, мал, бау-бақша суаруға, балық өсіруге пайдаланылады.<ref>«Қазақстан»: Ұлттық энциклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9, VII том; Рычков П.И., История Оренбургская (1730 – 1750). Оренбург, 1896; Борисов А.Я., Оренбург, Челябинск, 1968; Ескекбаев Д., Орынбор қазақтары. Тарихи-этнографиялық зерттеу, А., 2001.</ref>

Дереккөздер

Үлгі:Дереккөздер