Орфоэпиялық сөздік

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Орфоэпиялық сөздік - сөздің орфоэпиялық түрін, яғни оның қазіргі әдеби айтылуын және екпінін қамтып көрсететін сөздік. Қазақ әдеби тілінің орфоэпиялық нормасының қалыптасуына негіз болған онын бай ауыз әдебиеті. <ref>Орысша-қазақша түсіндірме сөздік: Ғылымтану. Жалпы редакциясын басқарған э.ғ.д., профессор Е. Арын- Павлодар: ҒӨФ «ЭКО», 2006. ISBN 9965-808-78-3</ref>

Қазақ тілінде сөздер қалай жазылса, солай оқыла бермейді. Көп ретте оларды қалыптасқап орфоэпиялық жүйеге келтіріп сөйлеуді талап етеді. Бүгінгі әдеби тілдің айтылу нормасы сахна өнерінде, мектептерде, біреумен біреу ауызекі сөйлеген сөзде, күнделікті радио мен хабарларында, сонымен қатар көпшілікке оқылатын лекцияларда айқын байқалады. Сөздің қалай жазылуы мен қалай айтылуы бір-біріне ықпал етіп отырады. Сөйлеу тілінін өзіндік ерекшелігі болады. Сөзді сөйлегенде сөйлеу тілінің қалыптасқан жүйесіне салып айтпаса, тыңдаушыға онша әсер етпейді. Мәселен, "өлім аузынан қалды" дегенді - "өлүм аузынан ғалды" деп, "өгіз аяң" дегенді - "өгүз аяң", "өзен бойы" дегенді - "өзен бойу", "өкіл күйеу" дегенді - "өкүл гүйөу", "өкпесі өшу" дегенді "өкпөсі өшүу", "өкінбеу" дегенді - "өкүмбеу" деп айтпаса, сәйлеу тілінің қалыпты нормасы бұзылар еді. Сол сияқты, "көз жұму", "көз көрген", "көз сүйек", "көз тию", "көз тою", "көз шүқу", "ак жүрек", "ак изен", "ала көңіл" тәрізді тұрақты тіркестерді "көж жүму", "көз гөргөн", "көс сүйек", "көз тійу", "көз тойұу", "көш шүқұу", "ағ жүрөк", "ағ ійзен", "ала гөңүл" дегенде ғана құлаққа жағымды тиеді.

Сөздікке жазылуы мен айтылуы арасында айырмашылығы бар деген түбір мен туынды сөздер, сөз тіркестері мен қосымша жалғағанда өзгеріске ұшырайтын тұлғалар алынған. Сөздер екі қатарға тізілген. Бірінші катарда казак әдеби тілінің емле-ережесі бойынша жазылуы, екіншісінде әдеби норма бойынша айтылуы көрсетілген. Мысалы:

Қазақ әдеби тілінің емле-ережесі

бойынша жазылуы

Әдеби норма бойынша айтылуы
азық-түлік азық-түлүк
ала-кұла ала-ғұла
алма-кезек алма-гезек
әкетай-көкетай әкетай-гөгетай
бозшғылттану бозғұлттану
бөленту бөләнду
вагонга багоңға
горнға горңға
дүрбелең дүрбөлең
дурсе қоя берді дүрса ғоя береді
егіс жер егіш шер
жұлысу жұлұсу
құнсыз құнсұз

Тарихы

Қазақ тіліндегі сөздердің айтылу нормалары көрсететін практикалық құрал ретінде Қ. Неталиева-ның “Қазақ тілінің орфоэпиялық сөздігі” 1977 жылы жарық көрді. Сөздікке тәжірибеде жиірек бұзылып айтылып жүрген 15 мыңга жуық сөздер мен сөз тіркестері енген. Автор емле-ережесі бойынша жазылған сөздерді қалыптасқан әдеби тіл орфоэпиялық нормасына сәйкесті оқу, айтуды негізгі принцип етіп ұстаған. Қазақ тіліндегі сөздердің айтылу заңдылықтары үндестік зандылықтарына негізделетіндігі айтылған. Яғни сөйлеу процесінде сөз бен сөздің, дыбыс пен дыбыстың, түбір мен қосымшаның, буын мен буынның аралығында болатын құбылыстар сөздікке арқау болған.

1981 жылы М. Дүйсебаеваның “Қазақ тілінің кысқаша орфоэпиялық сөздігі” басылып шықты. Бұған күнделікті өмірде ең жиі қолданылатын бес мыңға жуык, сөздер қамтылган. Аталған сөздіктің бір ерекшелігі - мұнда сөз басында келетін о, ө дыбыстарының алдынан у (уолжа, уөрнек), е дыбысынын алдынан и (иегіз, иекі), р, л дыбыстар-ының алдынан ы, і (ырабайсыз, ылаж, іләззат)дыбыстарының бірі қосылып айтыла-тындығы жакша ішіне алынып берілген. Мұның өзі алдыңгы шыққан сөздікті жаңартып толыктыра түскендігін көрсетеді. Автор бұл еңбегінде сөйлеген кезде сөз ішіндегі, сөз аралығындағы іргелес, шектес (көршілес) дыбыстардың бір-біріне ықпал жасап, үндесу заңдылықтары: қатаң дыбыстардың ұяңдануы, езулік дыбыстардың еріндікке айналуы, жіктік жалғауыиын ықшамдалып айтылуы, қатар келген дауысты дыбыстардың сусып түсіп қалуы, ортаңғы буындағы қысаң дыбыстардың (ы, і) айтылмай қалуы сияқты зандылықтарды жүйелеп дәлелдей түскен Айта кететін бір жайт казақ тілінің орфоэпиясын зерттеушілері орыс тілі аркылы енген қыруар кірме сөздердің жазылуы мен айтылуы бәрі нақ орыс тіліндегідей деп бір жақты пікір айтып жүр Терсңірек үңіле карасак, бұлардың ішінде де өзгеріп айтылатындары табылатындығы сөзсіз. Мәселен, көп томдык “Қазақ тілінің түсіндірме сөздігінде” әгент, әдіріс, әдиял, әптек, бөшке, нөмір, учаске, кәнки, кәмпеске, калөш, кәрәсін, кәртішке, кінәз тәрізді қыруар орыс сөздерінің сөйлеу тіліндегі варианттары қоса камтылып берілуі бұл айтылғандарга толық айғак болады. Олай болса, кірме сөздердің орфоэпиясы әлі күнге ғылыми тұрғыдан терсң зерттелмегендігін дәлелдейді.

Осы аталғандардан басқа Қазақстанның жер-су атаулары мен кісі аттарының қысқаша сөздіктері (алғашқысы орысша, соңғысы екі тілде) басылып шықты. Сол сияқты

  • "Қазақ тілінің кері алфавитті сөздігі" (1970),
  • "Куманша-казақша жиілік сөздік" (1978),
  • М. Әуезовтың “Абай жолы” романының жиілік сөздігі (1979),
  • "Қазақ тексінің статистикасы" (1973) атты сөздіктер де жарық көрді.

Өскелең өмір талабына сай олі де сан қилы линг-вистикалық сөздіктер жасала бермек<ref>“Қазақстан”: Ұлттық энциклопедия/Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы “Қазақ энциклопедиясы” Бас редакциясы, 1998</ref><ref>Орысша-қазақша түсіндірме сөздік: Ғылымтану. Жалпы редакциясын басқарған э.ғ.д., профессор Е. Арын - Павлодар: ҒӨФ «ЭКО», 2006. ISBN 9965-808-78-3</ref>.

Дереккөздер

<references/>


{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Орфоэпиялық сөздік|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }} {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}