Орта Ақтөбе<ref>Қазақ мәдениеті. Энциклопедиялық анықтамалық. Алматы: “Аруна Ltd.” ЖШС, 2005
ISBN 9965-26-095-8</ref> – Қазақстандағы
орта ғасырлардан сақталған ежелгі қала орны.<ref>Тараз энциклопедиясы</ref> Мойынқұм ауданының орталығы
Мойынқұм ауылының солтүстік-шығысына қарай 65 км жерде, Шу өзенінің ескі арнасының оң жағалауында орналасқан. 1948 жылы Қазақстан ҒА-ның
Орталық Қазақстан археологиялық экспедициялық (жетекшісі Ә.Марғұлан) зерттеген. Қала орны төртбұрышты төбе. Биіктігі 5 – 10 м. Төбе үстінде ауданы 140×90 м2 жазық алаң бар. Алаң айнала бекініспен қоршалған.
Бекініс қалдығының биіктігі 1 м. шамасында. Оның ұзына бойында және бұрыштарында биік мұнаралар болғандығы байқалады. Бұл
мұнаралар қалдықтарының биіктігі 1 – 1,5 м. Археологиялық зерттеу нәтижесінде табылған заттар (негізінен, қыштан жасалған ыдыстар), қаланың б.з. 8 – 12 ғасырларына жататындығын көрсетеді.
Сілтемелер
Дереккөздер
<references/>
Үлгі:WikifyҮлгі:Stub