Ортақ терең ноқат әдісі

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Толқын тудыру көздері мен қабылдағыштардың әр түрлі орналасуы жағдайында толқын шағылысуы шекараларының ортақ бөлікшелерінен таралған толқындар жиынтығын бірлестіру мақсатында оларды қайта-қайта тіркеу нәтижесінде алынған деректерді саралауға негізделген шағылысқан толқындар әдісінің бірі. Әдістің негізін ортақ терең ноқаттың сейсмограммалары бойынша шағылысқан толқындарды бірлестіру шаралары құрайды. Ортақ терең ноқат әдісінің ең басты артықшылығы — бір рет қана шағылысқан пайдалы толқынды қайта-қайта көрініс беретін ауыспалы толқындардан ажыратып ала отырып күшейтуге болатындығында; мұны жүзеге асыру мүмкіндігі аталған толқындардың кинематикалық сипаттарының өзгешелігінен және кездейсоқ бөгеуіл толқындарды тұқыртып тастау мүмкіндігінен туындайды. Сейсмикалық жазбалар жиынтығын уақыттық қима түсінігіне айналдыру үшін ортақ терең ноқат сейсмограммасына кинематикалық түзетулер енгізіледі, бұл шара бір рет қана шағылысқан ортақ фазалы толқындар импульсін бірлестіруге мүмкіндік береді; қайта-қайта көрініс беретін өзге толқындар мен бөгеуілдер пайдалы толқындардан тиімді жылдамдығы тұрғысынан өзгешелеу болады, сондықтан олар пайдалы толқындарды бірлестіру барысында фазалық өзгешелігі салдарынан мейілінше бәсеңсиді. Бөгеуіл толқындар мен пайдалы толқындардың кинематикалық ерекшеліктеріне орай, Ортақ терең ноқат әдісі көмегімен қадағалау жүйесінің параметрлерін (ортақ терең ноқат годографының ұзындығын, оның сейсмограммаларындағы арналар санын, деректеу еселігін) есептеп шығаруға болады. Іс-тәжрибеде деректеу еселігі 6-ға, 12-ге, 24-ке, 48-ге сәйкес келетін қадағалау жүйесі жиі қолданылады. Дала жұмыстары кезінде қадағалаудың қанаттық және орталық жүйелері қолданылады. Қанаттық жүйені қолдануда бүкіл қабылдау мекендері толқын ру мекендерінің бір жағына орналасса, орталық жүйеде екі жағына бөліп орнатылады. Орталық жүйені қолданудағы деректеу еселігі мен годограф ұзындығы қанаттық жүйенің осы көрсеткіштерінен екі есе көп болады. Ортақ терең ноқат әдісіне тиесілі өндірістік жүйелерінің қабылдау базасы 2-3 км шамасында болады.<ref>Мұнай және газ геологиясы танымдық және кәсіптік-технологиялық терминдерінің түсіндірме сөздігі. Анықтамалық басылым. — Алматы: 2003 жыл. ISBN 9965-472-27-0</ref>

Дереккөздер

<references/> {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}