Орталық теледидар шежіресі

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Бір мың тоғыз жүз елу төртінші жыл

Бір мың тоғыз жүз елу төртінші жыл – орталық теледидар бірінші рет үш пайыздық ішкі Мемлекеттік несие ұтыстарының кестесін (2 сәуір) берді. Хабарға көп пікірлер білдірілді. Мәскеуліктер телефон арқылы нөмірлерді нақтылауды өтінді, өздерінің ұтыстары туралы хабарлады. <ref>Қазақ телевизиясы. Энциклопедия.–Алматы: «ҚазАқпарат», 2009, 1-т.-640 бет.</ref>

10 сәуір. Шахматтан дүниежүзілік біріншілік үшін гроссмейстер М. Ботвинник пен В. Смысловтың арасындағы матч өткен П.Чайковский атындағы концерттік залдан бірінші рет теледидар репортажы берілді.

8 сәуір. Теледидардың Орталық студиясы бірінші рет шолушылардың сырткы саясат мәселелері бойынша сөз сөйлеуін көрсетті.

27 қазан. Теледидардың Орталық студиясы "Искусство" тележурналының бірінші нөмірін көрсетті. Журнал КСРО-дағы мәдени өмірдін аса маңызды окиғаларын баяндайды. Бірінші нөмірде КСРО Үлкен театры мен Вахтангов атындағы театрдың жана қойылымдары, мүсінші С.Коненков шығармаларының көрмесі, өнер қызметкерлерінің өлкесіне сапары, Мәскеуде гастрольде жүрген шетелдік артистер туралы әңгімеленді. Журнал беттері кинокадрлармен, спектакльдердің көріністерімен көркемделген.

5 қараша. Мәскеуде түрлі түсті теледидардың эксперименттік хабарлары басталды.

Бір мың тоғыз жүз жетпіс үшінші жыл

Бір мың тоғыз жүз жетпіс үшінші жылы — Алматы қаласында өткен Азия-Африка елдері жазушыларының халықаралық конференциясының жұмысын жан-жақты насихаттауға арналған жүйелі хабарлары үшін С.Оразалинов Қазақстан Журналистер одағы сыйлығының лауреаты атанды.

Бір мың тоғыз жүз жиырма алтыншы жыл

Бір мың тоғыз жүз жиырма алтыншы жыл — "Наука и техника" журналында "Алыстан көру саласындағы ең жаңа жетістіктер" атты (20 маусым) мақала жарияланды. Авторы орыс ғалымы, электрондық теледидардың негізін салушы, профессор Б.Розинг. Оның мақаласында атап айтқанда жас физик Б. Грабовскийдің "Телефот" деген атқа ие болған жұмысы туралы айтылды. Өзінің әріптестері В.Попов және Н.Пискуновпен бірге Грабовский электрондық коммутацияның бірегей сұлбасын ұсынды, оның көмегімен экрандағы қозғалыссыз бейнені "тірілту" мүмкін болды. Осылайша теледидардын ен күрделі проблемаларының бірі - шешілді.


Бір мың тоғыз жүз қырық алтыншы жыл

Бір мың тоғыз жүз қырық алтыншы жыл - Мәскеу теледидар орталығы соғыстан кейін Еуропада бірінші болып (15 желтоқсан) теледидар бағдарламаларының тұрақты хабарларын бейненің 343 жолға ыдырауымен қайта көрсете бастады. Бағдарламалар аптасына екі рет берілді. Теледидар хабарларын таратудың алғашқы айларында көрермендер (олар шамамен 2-3 мың адам болды) декорациялық безендіру кезінде гриммен костюмдерде ойнаған Мәскеу театрлары артистерінің орындауындағы опералардан, оперетталар мен пьесалардан көріністер, үзінділер мен монтаждар көрді. П.Чайковскийдің "Евгений Онегин" мен "Картаның мәткесі" операларынан, Гуноның "Ромео мен Джульетта" және Вердидің "Риголетто" операларынан көріністер, А.Толстойдың "Иван Грозный", Гогольдің "Өлі жандар", Шекспирдін "Асауға тұсау" пьесаларынан үзінділер көрсетілді. Сондай-ак балеттерден көріністер мен билер көрсетілді. 1946 ж. күзде теледидардан көркем және деректік кинофильмдерді көрсете бастады.

Бір мың тоғыз жүз қырық сегізінші жыл

Бір мың тоғыз жүз қырық сегізінші жыл – Мәскеу телеорталығы бейне 343 жолға ыдырайтын (17 қыркүйек) соңғы хабарын өткізді. Хабар тарату телеорталықты бейнелерді 625 жол айқындылықта көрсетуге көшу мақсатымен қайта жарақтау үшін уақытша тоқтатылды.

Бір мың тоғыз жүз қырық төртінші жыл

Бір мың тоғыз жүз қырық төртінші жыл – Мәскеу телеорталығында Сергей Васильевич Новаковскийдің басшылығымен қалпына келтіру жұмыстары басталды. Ол соғысқа дейін астаналық телеорталықтың бас инженері болды және беруші теледидар техникасын жақсы білді. 1945 ж. 15 желтоксанда мемлекеттік комиссия телеорталықты ресми түрде қабылдады және ол соғысқа дейінгі 343 жол, 25 кадр, 50 өріс стандарты бойынша тұрақты хабарлар (аптасына 2 рет) беруге кірісті. Толық кадр бойы (екі өріс) барлық бейнелерді көрсету жүзеге асырылды. 1947 жылы неғұрлым жоғарғы стандартпен (441 жол, 25 кадр, 50 өріс) жоғарғы стандартталған Ленинград телеорталығы өз жұмысын бастады. Эфиргe алғашқы шығу 1947 жылы 7 қарашасында болды. КСРО Халкомкеңесінің 1946 жылы 15 наурыздағы қаулысы бойынша Ленинградта бүкілодақтық теледидар ғылыми-зерттеу институты ашылып, сол жылдың қазан айында оның директоры болып П.Шмаков тағайындалды (оған дейін директор міндетін А.Громов атқарды). Армиядан және эвакуациядан М.Попов, Ю.Чашников, А.Дубинин, Н.Моисеев, Н. Дубинина, Н.Курчев, И.Завгороднев және басқа мамандар қайтып оралды. 1946 жылдың соңында институтта олардың 120-ға жуығы инженерлер мен техниктер болды. Зертханалардың бастықтары Я.Рыфтин, О.Лурье, И.Захаров, Б.Круссер, С.Злотников, С.Пивоваров, В.Крейцер, И.Алексеев ғылыми жұмысты Ленинград жоғары оку орындарындағы оқытушылық қызметпен ұштастырды.


Бір мың тоғыз жүз отыз бірінші жыл

Бір мың тоғыз жүз отыз бірінші жыл - Мәскеуде бірінші рет (2 сәуір) Германиядан Берлинге жақын жерде орналасқан Кенигвустергаузендегі ұзын толқынды радиостанциясында өткізілген теледидар хабарын қабылдау жүзеге асырылды.

29 сәуір. КСРО-да бірінші теледидар хабары болып өтті. Ол бейненің 30 жолға ыдырауымен жүзеге асырылды. Хабардан бірнеше күн бұрын Бүкілодақтық электр техника институттың радиостанциясы мынаны хабарлады: "29 сәуірде КСРО-да бірінші рет радио бойынша теледидар (алысты көру) хабары берілетін болады. Бүкілодақтық электр техника институтының (Мәскеу) РВЭИ-1 қысқа толқынды хабар таратқышынан 56,6 метр толқында жанды бейне мен фотосуреттер көрсетілетін болады. КСРО-дағы теледидардың алғашқы тәжірибелік хабарлары кең көлемді хабар тарататын радиостанциялар арқылы бейненің 30 жолға (1200 элементке) ыдырауымен, секундына 12,5 кадр кезінде жүргізілді. Теледидар ол кезде механикалық жүйе бойынша өткізілді, яғни бейненің элементтерге бөлінуі айналушы дискінің көмегімен жүргізілді. Алайда көп ұзамай механикалық теледидар электрондық теледидармен алмастырылды. Электрондық жүйе тәжірибеде өзінің механикалық теледидардан шүбәсіз үстемдігін растады және зертханалардан әрі тәжірибелік теледидар қондырғыларынан механикалық берушілер мен қабылдағыштарды жылдам ығыстыра бастады.


Бір мың тоғыз жүз отыз бірінші жыл

Бір мың тоғыз жүз отыз бірінші жылдың – соңында Ленинградта Коминтерн атындағы радио зауытында А.Минц пен А.Брейтбарттың басшылығымен құрастырылған аппаратураның көмегімен теледидардың сынақ хабарлары басталды. Ленинградтағы тұрақты хабарлар әзірленген аппаратура Ленинград радио орталығына пайдалануға берілген 1932 жылы мамыр айында басталды. Бейнені беру РВ-53 радиостанциясы арқылы 1000 метрлік толқында, дыбыс РВ-70 радиостанциясы арқылы 348,8 метр толқында жүргізілді. Томск мен Одесса да тұрақты телехабарлар беруге кірісті. Көпшілікке танымал журналдарда әуесқойлық теледидар қабылдағыштарының сұлбалары жарияланды және радиоәуесқойлар оларды құрастырумен айналысты. Телевизорларды өнеркәсіптік жолмен шығару шаралары қабылданды. 1931-1932 жылдары телевизорлар бірнеше институт және зертханаларда жасалды. Барлық үлгілер аз мөлшерде шығарылғандықтан, көпшілік сұранысын қанағаттандыра алмады. Неғұрлым сәтті болған құрылғы А.Брейтбард жасаған Б-2 құрылғысы болды, ол Козицкий атындағы зауытта сериялық өндіріске енгізілді. КСРО тұрақты теледидар хабарларын тарататын жетекші елдердің қатарына енгеннен кейін телехабарларын таратудың сапасын арттыру туралы мәселе пайда болды. 30 жолдық және кадр хабар тарату жақтарының қатынасы 4:3 болатын қабылданған стандарты бейнені беру мен қайта қалпына келтіруді 1200 нүктелік айқындықта қамтамасыз етті, бұл кинематограф қамтамасыз ететін сападан өте алыс болды. Көптеген елдердің ғылыми әдебиетінде теледидардағы бейнелердің айқындығының қажеттілігі туралы пікірталастар өріс алды.


Бір мың тоғыз жүз отыз сегізінші жыл

Бір мың тоғыз жүз отыз сегізінші жыл - Мәскеу теледидар орталығы (25 наурыз) теледидар бойынша "Ұлы азамат кинофильмін тәжірибе ретінде көрсетті.

1 қазан. Ленинградта теледидар орталығы бейне 240 жолға жазылатын хабарлар көрсете бастады.

5 қараша. Мәскеудің жаңа телеорталығынан тәжірибелік теледидар хабарлары басталды. Бірінші күні үлкен концерт болып өтті. 6 және 7 қарашада "Мылтықты адам" және "Ленин Қазанда" кинофильмдері көрсетілді. Бір мың тоғыз жүз отыз тоғызыншы жыл - Киевте теледидар (10 ақпан) берушісі арқылы (бейненің 30 жолға ыдырауымен) бірінші байқау хабары берілді. Алғашқы концерттерге Литвиненко-Вольгемут, Паторжинский және де басқа белгілі артистер қатысты.

10 наурыз. Шаболовкадағы Мәскеу теледидар орталығынан тұракты теледидар хабарлары басталды. Олар бұрыныракта қолданылған бейненін 30 жолға ыдырайтын механикалык әдісінің орнына бейне 343 жолға ыдырайтын электрондық теледидар әдісімен жүргізілді. 10 наурыздағы хабар бір жарым сағатқа созылды. Оны экран мөлшері 23 см болған кинескопы бар 100 телевизор қабылдады. Бұл сол кез үшін үлкен жетістік болды (механикалық әдіс мөлшері 5 см бейнені қамтамасыз етті). Хабар ультрақысқа толқындарда жүргізілді. Режиссер Александр Степанов, ал теледидар операторы Константин Яворский болды.

16 желтоқсан. Мәскеуде бірінші теледидар хабарын көрсетудің бес жылдығына арналған теледидар хабары болып өтті. Минскіде, Красноярскіде, Архангельскіде және басқа көптеген қалаларда теледидар жанкүйерлері Мәскеу студиясынан елдің белгілі адамдарын, КСРО Халық артистерін, мәскеулік театрлардың үздік қойылымдарынан көріністер көрді. 


Бір мың тоғыз жүз сексен бірінші жыл

Бір мың тоғыз жүз сексен бірінші жылы 29 маусым - Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесі Президиумының Жарлығы бойынша Сұлтан Шәріпұлы Оразалинов жолдасқа "Қазақ КСР-інің еңбек сіңірген мәдениет қызметкері" құрметті атағын иеленді.


Бір мың тоғыз жүз тоқсан бесінші жыл

Бір мың тоғыз жүз тоқсан бесінші жылы 1 желтоқсан - Баспасөз және бұқаралық ақпарат істері жөніндегі агенттіктен алынған мәліметтер бойынша, (Қазақстанда) тіркелген БАҚ 1483, оның ішінде: 1183 мерзімді басылым; 244 телевизия кәсіпорны; 36 радио кәсіпорны; 20 ақпараттық агенттік. Агенттікте осы мерзім ішінде 280 теледидар мен радио кәсіпорны тіркелген: қазақ тілінде - 3; орыс тілінде - 12; қазақ және орыс тілдерінде - 209; баска тілдегілер - 56. Күн сайынғы телевизиялык хабарлар көлемі (бұрынғы кеңестік елдерді қоса алғанда) 2000 сағат астам.


Бір мың тоғыз жүз тоқсан төртінші жыл

Бір мың тоғыз жүз тоқсан төртінші жылы - теледидардағы публицистика - 17,8; ғылым - 18,4; өнер - 41,4; спорт - 13,2% кұрады. Көңіл-көтерушілік және спорт бағытындағы хабарлар мөлшері өсіп, публицистикалық және ғылыми хабарлар көлемі тенесті. Қазақ тіліндегі хабарлар мазмұны өзгеріп, этнограф, хабарлар шеңберіндегі - салт-дәстүр, мәдениет, айтыс, күй, қазақша ойындарға жарыстар көптеп ұйымдастырылды.


Бір мың тоғыз жүз тоқсаныншы жыл

Бір мың тоғыз жүз тоқсаныншы жылы - АҚШ-тағы кешкі уақытта берілген жарнама көлемі сағатына 15 минут, 44 секундта жетті. Америкалық компаниялардың ішінде жарнаманы ұзақ беру жағынан бірінші орынды "Эй-Би-Си" иемденеді, олар "прайм тайм" уақытында 16 минут 27 секунд жарнама береді. Журналистиканың, соның ішінде теледидардың коммерциялануы нәтижесінде қоғамдық маңызды бағдарламаларды жарнамадан қолдау тауып жүрген көңіл көтеру мақсаттарындағы бағдарламалар ығыстырып шығаруда. Білім беру, оқу-ағарту бағдарламалары мен тележаңалықтар соңғы жылдары қажу көріп келеді.

Бір мың тоғыз жүз тоқсаныншы жыл

Бір мың тоғыз жүз тоқсаныншы жылы - елімізде республикалық ведомстволық жергілікті басылымдарды қоса есептегенде барлығы 552 БАҚ тіркелсе, 1991 жылы ол 740-қа өсті. Ал 1992 жылы 1057 газет, 280 журнал, 202 телекомпания, 74 телерадиокомпания және 80 радиокомпания жұмыс істеді. Сол кездегі БАҚ-тың басым бөлігі, 546 газет-журнал орысша шыкса, қазақша басылым саны 234 болды, ал 486 басылым екі тілде жарық көрді. 2005 жылы 1 ақпандағы мәліметтерге қарағанда, республикада 2116 БАҚ субъектілері болса, олардын 23%-ы мемлекеттік, 77%-ы мемлекеттік емес. Қазақ тіліндегі үлесі 17%, орыс тілінде 33%, қазақ және орыс тілдерінде 36%, басқа тілдермен аралас 14% БАҚ субъектілері жарыққа, эфирге шығады. Бұл - үлкен күш.

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}