Орталық стадион (Алматы)

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Алматы Орталық стадионы
Сәулетшісі А.Капанов пен А.Коссов
Орналасуы Үлгі:Coord
Салынған 1958
Ашылған 1958
Қайта өңдеуден өткені 1997, 2004, 2011
Сыйымдылығы 23 804
Торбеті
Иесі Алматы муниципалитеті
Командасы Қайрат ФК

{{#if: - | Үлгі:!- Үлгі:! Габарит Үлгі:! 105x68 }}

Алматы орталық стадионы — республикадағы ең ірі кешендердің бірі. Стадионның көлемі– 22 га. Сәулетшілері – А.Капанов пен А.Коссов. Бірінші кезекте – 35 мың орындық трибуна, жеңіл атлетикалық жолдар мен секторлары бар үлкен спорт аренасы 1958 жылдың тамыз айында іске қосылды. Ары қарай кіші спорт аренасы, жаттығатын жеңілатлетикалық кешен, жүзу бассейні, қысқы жаттығатын манеж, гандбол, теннис, баскетбол, садақпен ату ойындарына арналған алаңдар салынды. Үлкен аренаның трибуна асты ғимаратында бокс, фехтование, үстел теннисіне арналған залдар, киім шешетін бөлме, тренерлердің бөлмелері, республикалық дәрігерлік-дене шынықтыру диспансерінің кабинеттері мен зертханалары, олимпиядаға дааярлау Орталығының жатақханасы орналасқан. Алматы қаласының Орталық стадионында футбол, жеңіл атлетика, шапшаң жүгіру, коньки тебу, көгалдағы және доппен ойнайтын хоккей, волейбол, бокс және т.б. спорт түрлерінің барлық тарихи бүкілодақтық және халықаралық жарыстары өткізілген.<ref>Орталық стадион</ref>

Сурет:Central stadium Almaty-2.jpg
Стадион футбол алаңы

Бұл орталық стадион ғана емес,сонымен қатар сол кездегі ең ірі сәулет құрылысы болып табылды.Мұнда тек аудан, қала көлеміндегі жарыстар мен қоса халықаралық,Орта Азия қарамағындағы ірі сайыстар мен жарыстар өткен, футболдан әлем чемпионаттары да осы алаңда өтеді. Ашылу уақытынан бері «Қайрат» клубының негізгі стадионы болып келген. 2011 жылы қазан айында Алматының орталық стадионына жүгіру жолы күрделі жөндеуден өтіп, жаңа қабат төселді. Су жаңа жүгіру жолы Орталық Азия мен ТМД елдеріндегі тұңғыш жеңіл атлетикалық манеж. Мұндай жеңіл атлетикалық жол әлемде тек Берлин мен Барселона қаласындағы футбол стадионында ғана бар. Алдағы уақытта Алматы осы жүгіру жолында жеңіл атлетикадан Азия кубогы мен ірі халықаралық турнирларды қабылдайтын болады.<ref>ОРТАЛЫҚ СТАДИОНДА АЗИЯ ЧЕМПИОНАТЫ ӨТУІ МҮМКІН</ref> Орналасқан жері Бостандық ауданындағы — Абай даңғылы, 48.

Дереккөздер

<references/>