Орталық мемлекеттік кинобейне-дыбыс жазбалары мұрағаты

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Орталық мемлекеттік кинобейне-дыбыс жазбалары мұрағаты - республикалық мәдени-анықтамалық мекеме.

Онда деректі фильмдер, киножурналдар, бейнесуреттер, дыбыстық жазба құжаттар сақталды. 1943 жылы қаңтар айында ұйымдастырылған. 1957 жылдың соңында Қазақстан Орталық мемлекеттік мұрағатының бөлімшесіне айналды. 1974 жылы ақпан айында қайтадан жеке шаңырақ көтерді. Кино құжаттардың шежірелік қамтылуы 1925 жылдан басталады. Алғашқы туындылардан: "Қазақстанның бес жылдығы" (1925), "Октябрьдің Қазақстандағы 10 жылдығы" (1927), "Тоғысу" (1930), т.б. деректі фильмдер бар. Мұрағат кинокорында 2-дүниежүзі соғыс кезінде Атматы қаласындағы біріккен орталық киностудиясы шығарған туындылар мен соғыстан кейінгі республикалық өміріндегі маңызды оқиғалар мен тарихи деректерді қамтитын кинокұжаттар жинақталған. Қоғам өмірінің әр түрлі саласын камтитын бейнеқұжаттарда 1917 жылға дейінгі қазақ халқының тұрмысы мен тіршілігін бейнелейтін өнделген бейне суреттер мен қалалардын көріністері сақталған. 1917 жылдан бергі бейнеқұжаттарда Қазақстанның мәдени, саяси-экономикалық, өмірі және а.ш. мен тын жерлерде ұйымдастырылған кеңшарлар, т.б. кұжаттармен танысуға болады. Дыбыстық құжаттың дерек көздері 1953 жылдан басталады. Бұл құжаттар кешенінде, негізінен, партия форумдары мен мерейтойлар, қоғам қайраткерлерінен жазып алынған естеліктер бар. "Біржан -Сара", "Абай" операларының, т.б. музыкалық шығармалардың мәтіндері де жазылып алынып, осы мұрағатта сақталған. Қазақ халық композиторларының шығармалары, мысалы, Құрманғазы мен Дина күйлерінің, Әміре Қашаубаевтың Парижде (1925) орындаған әндерінің жазбалары ерекше кұнды дүниелер болып табылады. Мұрағаттың ғылыми-анықтамалық аппараты жүйелік, атаулық, т.б. каталогтерден, киножурналдардың түсініктеме берілген тізбелерінен, т.б. тұрады.<ref>Қазақ мәдениеті. Энциклопедиялық анықтамалық. Алматы: “Аруна Ltd.” ЖШС, 2005 ISBN 9965-26-095-8</ref>

Дереккөздер

<references/> Үлгі:Stub: Қазақ мәдениеті {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}