Орталықтандырылған мәліметтер базасы

Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Мұнда ауысу: шарлау, іздеу

Орталықтандырылған мәліметтер базасы (Централизованная база данных; centralized database) — 1) ақпараттары біртұтас ақпараттық жиым түрінде бір компьютердің бір немесе бірнеше тасуышында орналасқан мәліметтер базасы (үлестірілген мәліметтер базасының бұдан айырмашылығы — оның құраушылары есептеу желісінің әр түрлі тораптары бойынша орналастырылған); 2) бір есептеу желісінің жадында сақталатын мәліметтер базасы. Егер бұл есептеу желісі компьютер желісінің құраушысы болса, онда мұндай базаға үлестірілген қатынас құру мүмкін болады; 3) барлық есептеу операцияларын орындайтын және ақпаратты қайта өңдейтін дербес компьютердің бас құрылғысы.

<ref>Қазақ тілі терминдерінің салалық ғылыми түсіндірме сөздігі: Информатика және компьютерлік техника / Жалпы редакциясын басқарған – түсіндірме сөздіктер топтамасын шығару жөніндегі ғылыми-баспа бағдарламасының ғылыми жетекшісі, педагогика ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік сыйлығының лауреаты А. Қ. Құсайынов.

– Алматы: «Мектеп» баспасы» ЖАҚ, 2002 жыл. – 456 бет. ISBN 5-7667-8284-5</ref>

Дереккөздер

<references/>

Үлгі:Суретсіз мақала

Үлгі:WikifyҮлгі:Stub