Орнықтылық

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Сурет:Stability.svg
Орнықтылық системасы

Орнықтылық– жүйелердің қозғалысын сипаттайтын параметрлердің ұзақ уақыт сақталуы. Орнықтылық мәселелері барлық физика, механика, химия, т.б. құбылыстарды зерттегенде туады. Мысалы, механикалық қозғалыстағы орнықтылықты зерттеген Ж.Лагранж (1736 – 1813), П.Лаплас (1749 – 1827), Е.А. Ляпунов (1857 – 1918), С.Пуассон, Н.А. Жуковский (1847 – 1921), Б.Якоби (1801 – 74), т.б. ғалымдар jрнықтылықтың әр түрлі анықтамасын берген. Солардың ішінде орнықтылықтың ең жалпы, қолайлы анықтамасын беріп, математикалық теориясын жасаған Ляпунов болды. Ляпуновтың теориясы бойынша жүйе орнықтылық күйде болу үшін жүйенің аз қозуынан (жүйеге аз энергия берілгенде) оның келесі уақыт ішінде орнықтылық күйден ауытқытуы аз болуы шарт. Осы жағдайда жүйе өзінің орнықтылық күйіне қайта келеді. Консервативті жүйелер орнықтылық күйде болу үшін олардың потенциалдық энергиясы минимум мәнінде болуы керек.<ref>“Қазақстан”: Ұлттық энцклопедия/Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы “Қазақ энциклопедиясы” Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9</ref>

Ляпунов орнықтылығы

Ляпунов орнықтылығы - дифференциалдық теңдеу шешімінің бастапқы шарттан бірқалыпты үздіксіз тәуелділігін көрсетеді.<ref>Орысша-қазақша түсіндірме сөздік: Механика / Жалпы редакциясын басқарған э.ғ.д., профессор Е. Арын - Павлодар : «ЭКО»ҒӨФ. 2007.-29 1 б. ISBN 9965-08-234-0</ref><ref>Рахимбекова З.М. Материалдар механикасы терминдерінің ағылшынша-орысша-қазақша түсіндірме сөздігі ISBN 9965-769-67-2</ref>

Дереккөздер

<references/> {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}de:Stabilitätstheorie en:Lyapunov stability eo:Stabileco de dinamika sistemo fr:Stabilité de Lyapunov it:Stabilità secondo Lyapunov ja:リアプノフ安定 pl:Metody Lapunowa ru:Устойчивость (динамические системы) zh:李雅普诺夫稳定性