Орман белдемдері

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Орман белдемдері, экваторлық, субэкваторлық, тропиктік, субтропиктік және қоңыржай белдеулерде таралған.Орман белдемдерінде табиғи күйінде ағаш-бұта өсімдігі басым орын алады; ылғал артық немесе жеткілікті жағдайда қалыптасады.

Экваторлық және субэкваторлық белдеулер

Экваторлық белдеудің көп жерін: Экваторлық Африканы, Оңтүстік Америкадағы Амазона өзенінің алабын, Малайя топаралдарын және Мұхиттық аралдарды экваторлық ылғалды, мәңгі жасыл ормандар белдемі (гилея белдемі) қамтиды. Күлгінденген ферраллит топырақта сан алуан өсімдік түрлері өседі (пальмалар, эпифиттер және лианалар). Мұхит және теңіз жағалауларында мангр тоғайлары кездеседі. Табиғат жағдайлары маусымға байланысты өзгермейді. Солтүстік және Оңтүстік жарты шарлардағы субэкваторлық белдеулерде экватордан алыстаған сайын ұдайы ылғалды ормандар ауыспалы ылғалды ормандар белдеміне өтеді. Мұндағы ағаштардың біразы құрғақшылық маусымда суды аз буландыру үшін жапырағын тастайды.

Тропиктік және субтропиктік белдеулері

Тропиктік және субтропиктік белдеулердегі орманды белдемдеріне жазы ыстық, қысы жылы климат тән. Өсімдік вегетациясы жыл бойы тоқтамай жүреді. Бұл белдемдердегі өсімдік вегетациясының қарқыны жылу мөлшерінің маусымдық өзгерістерінен гөрі ылғалдану сипатының өзгерісімен байланысты. Орман тропиктік белдеудің шығыс аймақтарында, Солтүстік Американың оңтүстік-шығысында, Орталық және Оңтүстік Америкада, Африканың және Австралияның шығысында таралған. Ұдайы ылғалды ормандарда қызыл-сары латериттік топырақта мәңгі жасыл ағаштар өседі. Маусымдық ылғалды ормандарда қызыл ферралит топырақта мәңгі жасыл ағаш түрлерімен қатар құрғақшылық кезеңде жапырақ тастайтын ағаштар өседі. Субтропиктік белдеудегі орман белдемі – гемигилей муссондық аралас орман' және жерорта теңіздік құрғақ ормандар мен бұталар белдемшелерінен тұрады. Гемигилей бүкіл жыл бойы ылғал өте мол түсетін аудандарға тән (Солтүстік Американың оңтүстік-шығысы, Бразилия таулы үстіртінің оңтүстігі, Оңтүстік-шығыс Африка, Жаңа Зеландияның солтүстігі). Мұнда қызыл-қоңыр, сары және қызыл топырақта мәңгі жасыл ормандар өседі. Азияның, Солтүстік және Оңтүстік Американың, Австралияның климаты муссондық шығыс шеткі аудандарында лианалар шырмаған, орман асты шілігі қалың, көп қабатты аралас ормандар өседі. Климаты жерортатеңіздік аймақтарда (негізінен Жерорта теңізі төңірегі) орманның қызыл қоңыр топырағында қатқыл жапырақты ормандар мен бұталар (маквис, гаррига, фригана, т.б.) таралған.

Қоңыржай белдеуі

Қоңыржай белдеудің ормандары негізінен солтүстік жарты шардағы құрлықтарды алып жатады. Оңтүстік жарты шарда Оңтүстік Американың батысындағы Анд тауларының 380С оңтүстік ендіктен оңтүстікке қараған бөлігін және Жаңа Зеландияның оңтүстік аралыныңшағын ауданын қамтиды. Ең суық айдың орташа температурасы –400С-қа дейін, ең жылы айда 10 – 200С аралығында. Қыста жылудың жеткіліксіздігінен өсімдік вегетациясы баяулайды немесе мүлде тоқтайды. Жылдық жауын-шашын мөлш. 300 – 1000 мм. Қатаң климат жағдайларына байланысты өсімдік түрі аз. Орман құраушы ағаш түрлері әдетте 5 – 8 түрден аспайды. Қоңыржай белдеудің ормандары қылқан жапырақты, аралас және жалпақ жапырақты орман белдемдерінен тұрады. Қысы қатаң аумақтарда шырша, майқарағай, балқарағай, самырсыннан тұратын қылқан жапырақты орман басым. Оларға ұсақ жапырақты ағаш түрлері – қайың мен көктерек араласады. Құрлықтардың мұхиттарға іргелес бөліктерінде жалпақ жапырақты ормандар таралған. Оларда емен, шамшат, жөке, үйеңкі, шегіршін өседі. Орман асты шілігі мен шөп өсімдігі қалың. Аралас ормандар қылқан жапырақты және жалпақ жапырақты ағаш түрлерінен тұрады. Қылқан жапырақты орман астында күлгін топырақ пен тайганың тоң топырағы, аралас ормандарда шымды күлгін, жалпақ жапырақты ормандарда орманның қоңыр топырағы қалыптасқан. <ref name="source1">«Қазақстан»: Ұлттық энцклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9, VII том әдебиеттер: Вальтер Г., Растительность земного шара. Пер. с нем., т. 1, М., 1968; Мильков Ф.Н., Природные зоны КСРО, М., 1977; Власова Т.В., Материктердің физикалық географиясы (Солт. Америка. Оңт. Америка. Австралия мен Океания. Антарктида), А., 1985.</ref>

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}


{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Орман белдемдері|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }}