Орлы
Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Үлгі:Елді мекен-Қазақстан Орлы — Атырау облысы, Құрманғазы ауданындағы ауыл. Орлы ауылдық округінің орталығы. Аудан орталығы – Ганюшкин ауылынан батысқа қарай 5 км жерде орналасқан.
Ауыл 1962 – 96 ж. етті ірі қара мал өсіретін кеңшардың орталығы болған. Кеңшар негізінде Орлыда және округке қарасты Каспий және Шестой ауылдарында ӨК және бірнеше шаруа қожалықтары жұмыс істейді. Ауыл арқылы Атырау – Ганюшкин – Астрахан (Ресей) автомобиль жолы өтеді.
Халқы
Тұрғыны 1838 адам (2009 ж.).<ref>2009 жылғы Қазақстан Республикасы халық санағы</ref>
Дереккөздер
Үлгі:Дереккөздер Үлгі:Kz-geo-stub Үлгі:Құрманғазы ауданы елді мекендері