Орел Евгений Ефимович

Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Мұнда ауысу: шарлау, іздеу

Орел Евгений Ефимович <ref>Қазақ мәдениеті. Энциклопедиялық анықтамалық. Алматы: “Аруна Ltd.” ЖШС, 2005 ISBN 9965-26-095-8</ref>(6.2.1904, Тбилиси қаласы – 28.9. 1983, қазіргі Астана қаласы) – орыс актері, режиссер, Қазақ КСР-інің халық артісі (1964). 1921 – 1923 жылы Тбилиси қаласындағы актриса Е.А. Сатина жетекшілік еткен театр студиясында оқыды. 40-жылдары Қазақстанға келіп, әуелі Семей қаласындағы орыс драма театрында (1940–1955), одан кейін Ақмола (қазіргі Астана) қаласындағы облыстық орыс драма театрында бас режиссер қызметін атқарды. Осы театрдың негізін салушылардың бірі ретінде негізінен қазіргі заманғы орыс драматургиясының туындыларын, сонымен қатар М.Әуезовтің “Еңлік – Кебек” трагедиясын қойған. Зейнеткерлікке шыққан соң (1965) қазіргі Астана қаласында тұрып, облыстық радио мен телевизия жұмысына белсене араласты.<ref>«Қазақстан»: Ұлттық энцклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9, VII том</ref>

Дереккөздер

<references/>

Үлгі:WikifyҮлгі:Stub