Орда Баспахана Үйі

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Үлгі:Біріктірілсін

Орда Баспахана Үйі - 19 ғасырдың 2-жартысында салынған архитектуралық ескерткіш (Батыс Қазақстан облысы, Орда ауданы, Орда ауылы).


Үйдің жоспарлық құрылымы: тік төртбұрышты, жалғыз қабаттан тұрады. Кіре берістегі ұзынша дәліздің босағасы жоғары жағы өрнектелген ағаш арқалықтармен қосылған екі шығыңқы бағанмен сәулеттенген. Қабырғалары беренелерден тұрғызылған: сырты - біртегіс тақтайшалармен қапталып, іші - сыланып әктелген. Ішкі, сыртқы бұрыштары жартылай шығыңқы бағаналармен толықтырылған. Олардың үй төбесімен шектесетін жері ағаш оймышпен нақышталған. Жақтаулары аздап өрнектелген терезелердің пішіні қарапайым. Үйдің төбесі қос қапталды қоңылтыр шатырмен жабылған. Бұл үй алғашқы кезде дәріхана және тұрғын үй есебінде пайдаланылған. 1918 жылы жазда мұнда тұңғыш Қазақ ұлт баспаханасы ашылды. Кейін Орда Баспахана Үйінде дәріхана және екі бөлмелі тұрғын жай орналасқан. 1980 жылы республикалық маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштерінің тізіміне енгізілді.<ref>Қазақ мәдениеті. Энциклопедиялық анықтамалық. Алматы: “Аруна Ltd.” ЖШС, 2005 ISBN 9965-26-095-8</ref>

Дереккөздер

<references/> Үлгі:Stub: Қазақ мәдениеті {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}