Органикалық анализ

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Сурет:Wohler synthesis.gif
Велер синтезі

Органикалық анализ, органикалық талдау – органикалық заттардың сандық, сапалық құрамын және химиялық құрылысын анықтау әдістері жөніндегі ғылым. Органикалық анализ элементтік, функционалдық анализдер болып екіге бөлінеді. Элементтік анализ – органикалық қосылыстардың құрамына кіретін элементтерді сандық және сапалық тұрғыдан анықтау болып табылады. Ол екі кезеңнен: анықталушы элементтің органикалық заттың құрамынан бейорганикалық қосылыс түрінде бөлінуі және бейорганикалық анализ әдістерімен сандық немесе сапалық анықтау. Функционалдық анализ – органикалық зат құрамына кіретін реакцияға қабілетті атомдар немесе олардың жиынтығынан құралған топтарды (карбоксил –COOH, нитриль –CN, азотоп –N=N–, т.б.) анықтау. Бұл әдіс затты физикалық-химиялық қасиеттеріне сүйеніп анықтауда көп қолданылады. Көп жағдайларда қорытынды нақты болу үшін физикалық және физикалық-химиялық аспаптар және физикалық-химиялық әдістер (мысалы, ИІ, УК, ЯМР, раман, рентген-, масс-спектроскопия, т.б.) қолданылады. <ref>«Қазақстан»: Ұлттық энцклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9, VII том</ref>

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}


{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Органикалық анализ|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }}