Органикалық Шыны

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Сурет:Briller2.JPG
Органикалық шынының медицинадағы көрінісі

Органикалық шыны – органикалық полимерлер негізінде алынатын мөлдір қатты материалдардың техникалық аты. Полимерлерге полиакрилат, полистирол, аллил қосылыстарының полимерлері, поликарбонаттар, поливинилхлорид, сополимерлері, т.б. жатады. Өндірісте органикалық шыны деп метилметакрилатты массада бензоил асқын тотығы, азо-бис-изомай қышқылының динитрилінің және т.б. қатысуымен жүрген радикалды полимерлеудің нәтижесінде алынған өнімді айтады. Көбіне табақтық (листовой) полиметилметакрилат (плексиглас, перспек, кларекс) кеңірек тараған. Қолдану аясына байланысты органикалық шыны құрамына пластификаторлар, бояғыш заттар, тұрақтандырғыштар, т.б. қосады. Органикалық шыны тығыздығы салыстырмалы түрде төмен, кейбірі ылғал және атмосфералық ортаға тұрақты. Органикалық шыны оптикалық мөлдір болады; оны механикалық өңдеуге, пісіруге, желімдеуге болады. Органикалық шыны ұшақ, автомобиль, кеме жасауда құралымдық материал ретінде, жылыжай, үй, т.б. терезелерін шынылауда, медицинада аспаптар мен құрал-жабдықтар жасауда қолданылады. Ультракүлгін сәулелерін жұтатын органикалық шыны мұражайларда экспонаттарды бүлінуден қорғау үшін пайдаланылады.<ref>«Қазақстан»: Ұлттық энцклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9, VII том</ref>

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}


{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Органикалық Шыны|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }}