Орақты Әлшағырұлы

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Сурет:Zakaukazie-Turkestan1903 Balkhash.jpg
Орақты Әлшағырұлының құрметіне орнатылған ескерткіш Балқаш ауданындағы Жиделі ауылында орналасқан.

Орақты Әлшағырұлы (шамамен 1420 – 1501 жылдары өмір сүрген) – батыр.


Ұлы жүздің жалайыр руынан шыққан. Керей мен Жәнібек хандардың тұстасы. 1465 жылы шаңырақ көтерген Қазақ хандығының нығаюына үлкен үлес қосып, ойрат басқыншыларына қарсы шайқастарда ерлік көрсеткен. Ол туралы Сүйінбай, Бақтыбай, т.б. ақындар толғаулар айтса, халық ақыны І.Жапсарбаев “Орақты батыр” атты дастан, жазушы О.Исмаилов повесть жазды. 1995 ж. Орақты Әлшағырұлының 575 жылдығы аталып өтіп, Балқаш ауданындағы Жиделі ауылында оған ақ мәрмәрдан ескерткіш белгі орнатылды. Батыр жерленген шоқы бұрыннан “Орақты төбе” деп аталады.

Ұрпақтары Алматы, Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан облысында тұрады. Талдықорған қаласындағы бір көшеге батыр есімі берілген.<ref>«Қазақстан»: Ұлттық энцклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9, VII том; Жетісу. Энциклопедия, А., 2004.</ref>

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}


{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Орақты Әлшағырұлы|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }}