Орал қатпаржемісі

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Үлгі:Taxobox Орал қатпаржемісі<ref>Қазақстан табиғаты:Энциклопедия / Бас ред. Б.Ө.Жақып. - Алматы:" Қазақ энциклопедиясы" ЖШС, 2011. Т.З. - 304 бет. ISBN 9965-893-64-0 (Т.З.), ISBN 9965-893-19-5</ref> (Үлгі:Lang-la) – шатыршагүлділер тұқымдасы, қатпаржеміс туысына жататын екі және көп жылдық шөптесін өсімдік.

Ботаникалық сипаты

  • Биіктігі 1 м, кейде одан да биік болады.
  • Тамыры ұршық тәрізді, тамыр мойны бүтін.
  • Бұтақталған сабағы біреу, сырты тегіс емес, шатыршасының астына қарай түкті. Ұшына дейін жапырақ өскен.
  • Жапырақтарының жиегі мен жүйкесін бойлай кедір-бұдырлы. Қандауыр тәрізді төменгі жапырақтары ұзын сағақты, жапырақ тақтасы ірі, ені мен ұзындыы 12 см-дей, үшқұлақтана тілімделген, үшкір. Сабақ жапырақтары жіңішке бөліктерге бөлінген, сағақсыз.
  • Шатырша гүлшоғырының ұзындығы 20 см-дей көп гүлді. 10-12 таспа тәрізді орама жапырақтары бар.
  • Гүлдері қысқа гүлсағағына бекіген, күлтесінің ұзындығы 3 мм.
  • Жемісі жалпақ жұмыртқа тәрізді, ұзындығы 6 мм-дей, жиегінде жіңішке қанаты болады. Маусымда гүлдеп, шілде айында жеміс береді.

Өсетін жері мен таралуы

Таралу - Ресейдің еуропалық бөлігі, Сібірде, Моңғолия. Қазақстанда Алтай тауларында өседі. Өсетін жері - орман алаңқайлары, бұта арасы.

Дереккөздер

<references/>