Орал сырты үстірті

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Орал сырты үстірті, Оңтүстік Оралдың шығыс етегінде, Ресейдің Челябинск және Қазақстанның Қостанай облыстарының жерінде орналасқан. Оралды бойлап солтүстіктен оңтүстікке қарай 400 км-ге созылады, ені 200 км-ден астам. Палеогендік денудацялы-аккумуляцялық биік жазық. Үстіртті Тобыл өзенінің салалары (Үй, Тоғызақ, Әйет, т.б.) жеке бөліктерге бөлшектеген. Оралға іргелес бөлігінде биіктігі 400 м-ден асады, оңтүстік-шығысқа қарай 300 м-ге дейін аласарады. Еңіс жазықтың үстінде көптеген ұсақ көл қазаншұңқырлары тараған. Климаттың континенттілігі солтүстіктен оңтүстікке және батыстан шығысқа қарай арта түседі. Орташа жылдық жауын-шашын мөлшері 300 – 400 мм. Қаңтардың орташа температурасы –16 – 180С, шілдеде 18 – 200С. Топырақ жамылғысына қара топырақ пен қызыл-қоңыр топырақ тән. Суайрықтарды әр түрлі шөпті-селеулі дала алып жатады. Өзен аңғарларында астық тұқымдас шалғын өсімдігі өседі. Солтүстік аудандарда, әсіресе, шұқанақтарда қайың-көктерек ормандары кездеседі. Қиыршықты-тастақты жерлерде түрлі бұталар: ырғай, тобылғы, сайларда үшқат, қандыағаш, қарағаш, шәнкіш өседі. Егістікке қолайлы жерлері түгелдей жыртылған. Астықтан тұрақты мол өнім алынады. Үстірт темір кен орындарына бай; Қашар темір кен орны, Лисаков темір кен орны, Соколов темір кен орны, Сарыбай темір кен орны. <ref>«Қазақстан»: Ұлттық энцклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9, VII том</ref>

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}


{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Орал сырты үстірті|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }}