Орал Тұтқабайұлы Әбдірахымов

Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Мұнда ауысу: шарлау, іздеу

Орал Тұтқабайұлы Әбдірахымов (1953 жылы туған, Жамбыл облысы Мерке ауданы, бұрынғы Киров ұжымшары) – техникалық ғылыми докторы (1993), профессор (1994). ҚазҰУ -ды (1976) бітірген. Жамбыл гидромелиорациялық-құрылыс институтында, ҚР Ұлттық ғылым академиясының Механика және машинатану институтында ассистент, лаборатория меңгерушісі (1976–1995), Жезқазған педагогикалық институтының ректоры (1995–1996), Жезқазған университетінің ректоры (1996–2000), Қазақ ұлттық техникалық университетінде декан (2000–2001) қызметтерін атқарды. 2004 жылдан Рудный индустриалдық институтының (Қостанай облысы) ректоры. «Численные методы анализа и синтеза многоконтурных механизмов высоких классов» деген тақырыпта докторлық диссертация қорғады. Әбдірахымов 80 ғылыми еңбектің, 2 монографияның авторы, 16 патенті бар.<ref name=source1>Қазақ энциклопедиясы</ref>

Сыртқы сілтемелер

Дереккөздер

<references/>

Үлгі:Wikify Үлгі:Суретсіз мақалаҮлгі:Stub