Ораз Ахметжанұлы Жанайдаров
Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Жанайдаров Ораз Ахметжанұлы (1930 жылы туған, Есіл ауданы Далабай ауылы) – ғалым, экономикалық ғылым кандидаты. (1965).
- ҚазҰУ-ды (1953), орталық Азия университетінің (Ташкент, 1954) арнайы экономикалық курсын бітірген.
- Қарағанды мемлекеттік педагогикалық институтында оқытушы, факултет деканы (1954 – 69),
- Қарағанды кооперативтік институтында оқу жөніндегі проректор (1969 – 79),
- Қарағанды мемлекеттік университетінде кафедра меңгерушісі (1979 – 89),
- 1989 жылдан Абай атындағы ҚазҰПУ-де кафедра меңгерушісі қызметтерін атқарған.
Жанайдаров 160 ғылыми. еңбектің, 2 монографияның авторы. «Құрмет белгісі» ордені, медальдармен марапатталған.<ref name="Source 1">Қазақ Энциклопедиясы</ref>
Пайдаланылған cілтемелер
<references/>