Оразкүл Асанғазы

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Үлгі:Infobox Biography Асанғазы Оразкүл Асанғазықызы - 1952 жылы 22 ақпанда Жамбыл облысы Шу ауданының «Ақтөбе» ұжымшарында туған. Қазақ.

Әкесі - Омаров Асанғазы, марқүм, шопан болған. Анасы - Омарова Кәден, марқұм, үй шаруасымен айналысқан.

Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық институтын үздік бітірген (1973), физика пәнінің мұғалімі.

«Керегем саған айтам» кітабының (1998); мемлекеттік тіл саясаты туралы, оны ендіру, қолдану туралы, жас ұрпақты тәрбиелеудегі, ұлттық дәстүрді сақтаудағы тілдің рөлі туралы, отбасының, әйелдің қоғамдағы рөлі туралы, жарнама туралы, «Қазақстан Республикасындағы тілдер туралы» ҚР Заңына және «Әкімшілік құқық бұзулар туралы» ҚР Кодексіне өзгертулер енгізу туралы 53 мақаланың авторы.

Қазақ және орыс тілдерін біледі.

1973 жылдан - Шымкент облысы Сарыағаш аудандық Жамбыл атындағы орта мектебінің оқытушысы. 1979 жылдан - К. Маркс атындағы орта мектептің директоры (Сарыағаш). 1982 жылдан - Қ. Сәтбаев атындағы №10 мектеп-интернаттың директоры (Сарыағаш). 1985 жылдан - Алғабас аудандық партия комитетінің хатшысы; 1987 жылдан - екінші хатшысы. 1988 жылдан - Алғабас аудандық Халық депутаттары кеңесі атқару комитетінің төрайымы. 1990 жылдан - Шымкент облыстық Халық депутаттары кеңесі идеология бөлімінің меңгерушісі, тіл, мәдениөт және ұлтаралық қатынастар бөлімінің бастығы. 1992 жылдан - ОҚО Сарыағаш ауданының әкімдігінің әкімі. 1993 жылдан - ОҚО Облыстық әкімшілігі басшысының орынбасары. 1995-1996 жылдары - Шымкент қаласы әл-Фараби ауданының әкімі. 1997 жылдан - Шымкент қаласы әкімінің орынбасары. 1998жылдан - Астана қаласы «Сарыарқа» ауданы әкімінің орынбасары.

2006 жылдан бері - Астана қалалық Тілдерді дамыту басқармасының бастығы - қалалық ономастикалық комиссия төрағасының орынбасары.

ҚР Жоғарғы Кеңесінің 13-ші шақырылым депутаты (қаңтар-наурыз 1995).

ҚР Президенті жанындағы Әйелдер істері және отбасылықдемографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссияның мүшесі (2005-2006), «Томирис» клубының мүшесі (1998 жылдан).

«Құрмет» орденімен (2008); «Еңбектегі ерлігі үшін» (1978), «Қазақстан Республикасыныңтәуелсіздігіне Южыл» (2001) медальдарымен; «ҚазКСР ағарту ісінің үздігі» белгісімен (1983) марапатталған. Астана қаласы әкімінің алғыс хатымен (1999) ескерілген. ОҚО Сарыағаш және Бәйдібек аудандарының Құрметті азаматы (2001). Мәдениет қайраткері (2010).

2012 жылғы қаңтардан бастап бесінші сайланған Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты, «Нұр Отан» Халықтық Демократиялық партиясының мүшесі, партиялық тізім бойынша сайланған.

«Құрмет» орденімен, «Еңбектегі Ерлігі үшін», «Белсенді қызметі үшін», «Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 10 жыл», «Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 20 жыл» мерекелік медальдарымен марапатталған, «Қазақ КСР оқу ісінің үздігі» белгісі, Астана қаласы әкімінің Алғыс хаты, Оңтүстік Қазақстан облысы Сарыағаш және Бәйдібек аудандарының және Жамбыл облысы Шу ауданының «Құрметті азаматы» атақтары бар.

Діни көзқарасы - ислам.

Саяси қайраткер ретіндегі идеалы - Ө. Жәнібеков.

Қазақстанның болашағы туралы болжамы - «Егер өз еліміздің партиоты болып, туған тілімізді, дәстүріміз бен дінімізді мойындасақ, біз бүкіл әлем мойындайтын елге айналамыз».

Хоббиі - кітап оқу, фитнес.

Сүйіп оқитын әдебиеті - тарихи әдебиет, ұлттық құндылықтар жайлы әдебиет.

Тұрмыс құрған. Жұбайы - Алмантай Жора Тайлыбайұлы (1949 ж.т.), «Асыл түлік» АҚ вице-президенті. Қыздары - Тайлыбаева Жанар Жорақызы (1974 ж.т.), Алмантаөва Гүлнәр Жорақызы (1975 ж.т.), Алмантаева Тоғжан Жорақызы (1978 ж.т.), Алмантаева Жібек Жорақызы (1982 ж.т.); ұлы - Апмантаев Нұржан Жораүлы (1977 ж.т.).<ref>Қазақстан Республикасында кімнің кім екені – 2011. 2 томдық анықтамалық. Алматы, 2011. ISBN 978-601-278-473-2</ref>

Сілтемелер

Мәжілістің құрамы мен құрылымы, АСАНҒАЗЫ Оразкүл Асанғазықызы

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}Үлгі:Bio-stub