Оразбай Байбақұлы

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Оразбай Байбақұлы<ref>Қазақстан жазушылары: Анықтамалық/Құрастырушы: Қамшыгер Саят, Жұмашева Қайырниса - Алматы: «Аң арыс» баспасы, 2009 жыл</ref> 1942 жылы 10 мамырда Шығыс Қазақстанның Құлжа қаласында туған. 1958 жылы ата қонысы Райымбек ауданының Жалаңаш ауылына келіп, ірге тебеді.

Жетістіктері

1963 жылы ҚазМУ-дің журналистика факультетіне оқуға түсіп, оны бітіріп шыққан соң «Қуыршақ» театрында, Жамбыл, Шелек, Балқаш аудандарында, сондай-ақ халықаралық «Шалқар», республикалық «Әділет» газеттерінде қызмет істейді.

Еңбегі

Алғашқы өлеңі 1959 жылы «Лениншіл жас» (қазіргі «Жас алаш») газетінде жарық көрді. Ересектермен қоса балалар тақырыбына арналған өлеңдері, әңгімелері, ертегілері бар. Бодандықтың тақсіретін тартқан қазақ халқының басынан өткен қанқұйлы жылдар жайындағы «Қасіретті ғасыр», 1986 жылғы Желтоқсан қаһармандарына арналған «Намыс» атты поэмалары жарық көрген.

  • Ақын қазір шығармашылық демалыста.

Шығармалары

  • Таңғы шық. Өлеңдер. А., «Жазушы», 1967;
  • Таңғы шапағы. Өлеңдер. А., «Жалын», 1984;
  • Тоғызбұлақ. Өлеңдер. «Жалын», 1989;
  • Бозторғай. Өлеңдер. А., «Балауса», 1992;
  • Махаббат - мәңгі көктем. Өлеңдер. «Жазушы», 2005;
  • Құштарлық. Өлеңдер. «Жазушы», 2005;
  • Дәнекер. Өлеңдер. А., «Жазушы», 2006;
  • Жанымның жаңғырығы. Өлеңдер. А., «Жазушы», 2007;
  • Балаларға базарлық. Өлеңдер, әңгімелер. А., «Жазушы», 2007;
  • Жүрегімнің лүпілі. Өлеңдер. А., «Жазушы», 2008;
  • Күншуақ пен көлеңке. Өлеңдер. А., «Жазушы», 2008;
  • Қызылбүрген. Өлеңдер мен естеліктер. А., «Жазушы», 2009;
  • Қонжық пен көжек. Өлеңдер мен әңгімелер, ертегілер. А., «Жазушы», 2009;
  • Жүрегіме жүгіндім. Өлеңдер, естеліктер. А., «Жазушы», 2009.

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}