Оразанбай Егеубай

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Сурет:Наум и Богомилите.jpg
Қазақтың ғашықтық жырлары

Оразанбай Егеубай (13.12.1935 жылы ҚХР, Тарбағатай аймағы Шағантоғай ауданы Ойқұдық мекенінде дүниеге келген) – жазушы, әдебиет зерттеушісі.

Үрімжідегі өлкелік кадрлар мектебін бітірген (1954). 1954 – 1958 жылдары Шыңжаң газетінде, “Іле газетінде” тілші, редактор болған. 1958 – 1980 жылдары “ұлтшыл” деген айып тағылып, еңбекпен түзеу колониясында саяси құқығынан айырылды. 1980 – 1996 жылдары “Іле газетінде” редактор, Үрімжідегі “Мұра” журналының бөлім меңгерушісі, бас редактордың орынбасары қызметтерін атқарған. Таңжарық Жолдыұлының таңдамалы шығармалар жинағының 2, 3 томдықтарын бастырып шығарған (1985 – 2002). Оразанбайдың киносценарийі бойынша Пекинде 5 сериялы “Таңжарық” көркем фильмі түсірілді (1992). 1984 – 96 жылдар аралығында Қытайдағы қазақтар арасында тараған батырлық жырлар мен ғашықтық дастандарды, тарихи, діни қиссаларды жинап, құрастырды, оннан астам томын (кейбірінде телавтор) баспадан шығарды. Көптеген еңбектері қытай тіліне аударылған.<ref>«Қазақстан»: Ұлттық энцклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 жыл. ISBN 5-89800-123-9, VII том</ref>

Шығармашылығы

  • «Көктем»;
  • «Естелік қалдыру» шығармаларымен әдебиет есігін (1954, «Шыңжаң» газеті) ашқан;
  • «Өмір өткелдері» (әңгіме-повесть, 1982, Үрімші);
  • «Адам, ат, ит» (повестер, 1991, Үрімші);
  • «Тау ұлы» (кинороман, 1991, Іле);
  • «Таңжарық» (бес сериялы көркем телефильм, 1992, Пекин);
  • «Таңжарық тану» (1995, Іле);
  • «Қазақ тарихындағы әйгілі адамдар — Таңжарық Жолдыұлы» (2000, Пекин);
  • «Таңжарық». Таңдамалы шығармалары» (құрастырған, 1985 — 1995, Үрімші);
  • «Таңжарық ақынның екі томдық толық жинағы» (2001, Үрімші);
  • «Зерттеу материалдары» (Діндік қиссалар, 1985, Үрімші);
  • «Қазақ хиссалары — батырлық, тарихи жыр-қисса» (4-т., 1984 — 1987, Пекин);
  • «Қазақтың ғашықтық жырлары» (3-т., 1982—1996, Үрімші) кітаптары басылып шыққан.
  • 13 еңбегі қытайшаға тәржімаланған.

«Шыңжаң газеті», «Іле газеті», «Мұра» журналы реакциясында редактор, тілші, бөлім бастығы, бас редактордың орынбасары міндетін атқарған. Шыңжаң және Қытайдың мәдениеті мен өнерінің дамуына ерекше үлес қосқан қайраткер атағын алған (1992). Шыңжаң және Қытай фольклор сыйлықтарының иегері, Қазақстан жазушылар одағы басқармасының мүшесі. «Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 10 жыл» мерекелік медалімен марапатталған.<ref>Қазақстан жазушылары: Анықтамалық/Құрастырушы: Қамшыгер Саят, Жұмашева Қайырниса - Алматы: «Аң арыс» баспасы, 2009 жыл</ref>

Дереккөздер

<references/>