Оразалы Қожамжарұлы Батыр

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Оразалы Қожамжарұлы батыр (1826, Іле бойындағы Жайпақ деген жер – 1913, Шу өңірі) – Қоқан хандығына қарсы күресте қол бастаған батыр.<ref>Тараз энциклопедиясы</ref>

Өмірбаяны

Ұлы жүздің дулат тайпасының Ботбай руынан. Жас кезінде ел-жұртымен бірге Шу бойындағы Қарақыршын деген жерге қоныс тепкен. Ер жеткен кезінде Сыпатай батырмен бірге тізе қосып, қоқандықтарға қарсы күресте оның сенімді серігі болды. Өзінің ел-жұртын Шу өзенінің бас жағындағы Ақсу маңайына қоныстандырады. 1863 жылы орыс әскерінің полковнигі Черняев Қордайдың күнбатыс жағындағы Құрғақсаз деген жерде жергілікті халықтың беделді адамдарымен жиын өткізгенде бұл жиынға қазақтардан Сыпатаймен бірге Оразалы, қырғыздардан манап Шабдан Жантаев, Бәйтік Қанаев қатысады. Осы жиында Қоқан бекіністеріне шабуыл жасаудың жай-жапсары, жергілікті халықтардан жасақ шығару, олардың жүзбасы, мыңбасыларын тағайындаудың мәселелері қарастырылып, Оразалы бес жүз сарбаздың сардары болып бекітіледі. Орыс әскерлері Меркіні алғаннан кейін Оразалы мыңбасы болып тағайындалады.

Жетістіктері

Оразалы батырға Қоқан бекіністерін алуда сіңірген еңбегі үшін 1864 жылы «Ынталылығы үшін» деген күміс медаль берілді. Қазір Шу ауданыдағы бір ауылға Оразалы батыр есімі берілген.

Сілтемелер

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}} {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}


{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Оразалы Қожамжарұлы Батыр|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }}