Оразалы Ақжарқын-Сәрсенбек

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Оразалы Ақжарқын-Сәрсенбек. 1951 жылы 5 шілдеде Оңтүстік Қазақстан облысының Шаян ауылында туған. Қазақ. Әкесі - Байымбетов Сәрсенбек, марқұм. Анасы - Тұрысова Ақжарқын, марқұм. Құрманғазы атындағы Алматы мемлекеттік консерваториясының театр факультетін (1975) театр мен киноның актері мамандығы бойынша, Мәскеу мемлекеттік театр өнері институтының театр факультетін (1983) театр режиссері мамандығы бойынша бітірген. Театр өнерінің мәселелері бойынша жазылған 15 мақаланың авторы. Қазақ және орыс тілдерін біледі. 1975 жылдан - Талдықорған облыстық қазақ драма театрының актері, театрды негізін салушы. 1983 жылдан - Талдықорған облыстық қазақ драма театрының қоюшы-режиссері. 1989 жылдан - Ш. Айманов атындағы «Қазақфильм» киностудиясында деректі фильмдердің режиссері. 1993 жылдан - Ш. Айманов атындағы «Қазақфильм» киностудиясында Балалар киносы Орталығының директоры. 1999 жылдан - С. Мұқанов атындағы Солтүстік Қазақстан қазақ музыкалық-драма төатрының көркемдік жетекшісі, директоры. 2005 жылдан бері - Қ. Қуанышбаев атындағы Қазақ музыкалық-драма театрының директоры (Астана). ҚР Президентінің құрмет грамотасымен марапатталған (2001). Діни көзқарасы - ұстамды мұсылман. Саяси қайраткер ретіндегі идеалы - Н.Ә. Назарбаев. Қазақстанның болашағы туралы болжамы - «Оптимистік.Болашақты біз өзіміз жасаймыз». Хоббиі - үстел теннисі. Сүйіп оқитын әдебиеті - П. Коэльо, М.А. Булгаков, Айтматов. Үйленген. Жұбайы - Карбозова Гүлбакран (1951 жылы туған), суретші-гримдеуші. Қыздары - Рима (1972 жылы туған), Әсел (1975 жылы туған); ұлы - Роллан (1981 жылы туған).<ref>Қазақстан Республикасында кімнің кім екені . Екі томдық анықтамалық. Алматы, 2011 жыл. ISBN 978-601-278-473-2</ref>

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}Үлгі:Bio-stub