Опайыс

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Опайыс – қола дәуірінің қонысы. <ref>Қазақ энциклопедиясы, 7 том</ref>

Аумағы

Қарағанды облысы Қарқаралы ауданында, Талды темір жол станциясынан солтүстік-шығысқа қарай 5 км жерде. Қоныстың қазіргі сақталған көлемі шамамен 5 – 7 мың м2. 1979 жылы Қарағанды мемлекеттік университетінің археологиялық экспедициясы жүргізген зерттеу жұмыстары барысында ауданы 225 м2 бөлігі қазылды. Биіктігі 0,4 м-ге дейін сақталған, жалпақ тастардан қаланған қабырғалары бар, мөлшері 7,5х10,2 м бір үйдің орны ашылды. Оның ұзындығы 1,5 м, ені 2,7 м дәліз түріндегі есігі солтүстік-батыс бұрыштан шығарылған.

Сипаттамасы

Жылытуға, ас пісіруге 3 ашық алау мен шұңқыр түрінде қазылып, іргелері таспен қаланған, үсті де тас тақтамен жабылған 1 пеш қолданылған. Көптеген бағана шұңқырларының орналасу жүйесіне қарағанда, үйдің төбесін ортадағы 2 қатар ағаш бағаналар ұстап тұрған. Қыш ыдыстар, тас қайрақ, қола пышақ сынығы, қыштан жасалған ұршық басы, садақтың сүйек жебесі, қой жауырынынан жасалған тарақ табылды. Қыш жиынтығын Беғазы-Дәндібай мәдениетінен 70 ыдыс құрайды. Қоныс шамамен б.з.б. 12 – 8 ғасырларға жатады.

Сілтемелер

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}


{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Опайыс|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }}