Он екі мұқам

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Он екі мұқам (араб. “тұрақ”)– шығыс халықтарының музыка мәдениетіне тән көркемдік жүйе. Ол поэзиямен, әсіресе, көлемді дастандармен тығыз байланысты. Қазақ жыршылары да бұл сөзді мақам, яғни тұрақ (лад) мағынасында қолданған. Көп бөлімді Он екі мұқам баяндау тәсілінде өрбиді. Әл-Фараби, ибн Сина, Әбдірахман Жәми, т.б. еңбектерінде Он екі мұқам туралы мәліметтер кездеседі. Олардың атаулары: үшшақ, науа, бүсәлік, раст, хұсейни, хиджаз, рахауи, заңғұла, ирак, исфаған, зирафганд, бұзрук. Мұның басым көпшілігі минорлы ладтар. Арасында диатоникалық (үшшақ, науа), хроматикалық құрылымдар да (ирак, исфаған, бұзрук) кездеседі. Хроматизм көбіне 4, 6, 7 басқыштар арасында пайда болады. 12 мұқам өзбек, ұйғыр, түрікмен, әзірбайжан, армян, тәжік халықтарының мәдениетінде кездеседі.<ref>Қазақ энциклопедиясы, 7 том 6 бөлім</ref>

Сілтемелер

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}} {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}


{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Он екі мұқам|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }}