Омбы уезі

Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Мұнда ауысу: шарлау, іздеу

Омбы уезі

Омбы уезі – патша өкіметінің 1868 жылғы “Уақытша ережесіне” сәйкес Ақмола облысында құрылған әкімшілік-аумақтық бөлік.<ref>Қазақ энциклопедиясы, 7 том 6 бөлім</ref>

Халқы

Омбы уезін Орта жүздің найман, керей, қыпшақ тайпаларының рулары мекендеді, 1908 жылғы шаруашылық есеп бойынша халқы 145775 адам (қазақтар 44885, казак-орыстар 17022, қоныс аударған орыс шаруалары 83868) болды.

Тарихы

Омбы уезіне Алабота (48 ауыл), Қызылқақ (124 ауыл), Жеке (87 ауыл), Омбы (136 ауыл), Қорған (103 ауыл), Николаевск (207 ауыл) және Покровск (80 ауыл) болыстары қарады. Омбы қаласы 1917 жылғы Ақпан төңкерісіне дейін уезбен қатар Дала генерал-губернаторлығы мен Ақмола облысының орталығы болды.

Сілтемелер

Дереккөздер

<references/>

Үлгі:WikifyҮлгі:Stub