Омар Қаймолдаұлы Хаймульдин

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Омар Қаймолда (Қаймолдин Омар, Хазірет Ғұмар) (1903 жыл, Кіндікті, Дағанды болысы — 2.07.2011 жыл, Алматы қаласы)- 1903 жылы (паспортта 1910) Дағанды болысының Бақанас өзенінің бойындағы Кіндікті деген өлкеде дүниеге келген.

  • Әкесі Қаймолда 1919 жылы ақтармен соғысып жараланып қаза табады, Кіндіктіде жерленген. Шешесі Момсары 1934 жылы Алматыда қайтыс болған.
  • Омардың сегіз жасында әкесі ауылдағы ғұлама Өтелбай Кәріпұлының медресесіне оқуға береді.
  • Онда бір жылын өте жақсы бітіріп, педагогикалық техникумға түсіп, оны 4 жылда үздік бітіріп шығады.
  • 1922 жылы Алматыға келіп ҚазПИ-дің жаратылыстану факультетіне оқуға түседі. ҚазПИ-де оқып жүргенде әртүрлі қоғамдық саяси ұйымдарға белсене қатысып, М. Жұмабаев, Ж. Аймауытов, Т. Жүргенов, Ұ. Құлымбетов сияқты зиялы адамдармен кездесіп сұхбаттасып жүреді.
  • 1927 жылы ҚазПИ-ді үздік бітіріп, Санкт-Петербургке жолдамамен барып атақты ғалым Павловтың аспирантурасына түседі. Аспирантурада жүргенде генеалогия туралы кітап жазып шығарады.
  • Аспирантурада бір жыл оқығаннан кейін, 1933 жылы Алматыға Жүргенов шақырып алады. Омарға Алматыда ғылыми зерттеулік педогогика институтын құруды жүктейді. Бір жылдың ішінде институттың жарғысын, бағдарламасын, бөлімдерінің құрылымын жазып, сол институтты басқарады.
  • 1935 жылы қаладан кетуге мәжбүр болып, Үржардағы техникумда 2 жыл сабақ береді.
  • 1937 жылы Алматыға қайтып келіп, Ы. Алтынсарин атындағы ғылыми-зерттеу педагогикалық институтында жұмыс істеп жүргенде, күзде НКВД-мен ұсталып, тергеледі.
  • 1938 жылы 9 қарашада 58.10-58.11 бабымен сот үкімі шығарылып, 10 жылға бас бостандығынан айырылады.

Дереккөздер

Үлгі:Дереккөздер

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}