Омархан Асылұлы

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Омархан Асылұлы (1937 жылы туған, ҚХР, Шыңжан-Ұйғыр авт. районы, Тарбағатай аймағы) — ғалым. Шыңжан институтын бітірген (1957). 1957 — 1961 жылы осы институтта оқытушы қызметін атқарды. 1961 — 1980 жылы саяси науқандар кезінде “оңшыл”, “ұлтшыл” деген айыппен айдауда болды. 1980 жылдан Шыңжан тіл-жазу комитетінде қызмет істеп келеді. Қытай-түркі тілдерін зерттеу, Қытайдағы аз ұлттар әдебиетін зерттеу ғыл. қоғамдарының, Шыңжаң Жазушылар одағының мүшесі, Шыңжан Қазақ тілі мен мәдениеті ғыл. қоғамының бас хатшысы. Омархан Асылұлы — Қытайдағы қазақ тілі білімі мен әдебиет саласы бойынша бірнеше кітаптардың авторы. Қытайдағы қазақтардың жазу емлесін жүйеге түсіруде көп еңбек сіңірген.

Шығармалары:

  • Еміле туралы білім, Үрімжі, 1989; Шығарманың жаны — шындық, Үрімші, 1990;
  • Морфология, Үрімші, 1991;
  • Қазақ жазуының тыныс белгілері, Үрімші, 1992;
  • Қазақ тілі айтылымының негізгі ережелері, Үрімші, 1997.<ref>Қазақ тілі. Энциклопедия. Алматы: Қазақстан Республикасы Білім, мәдениет және денсаулық сақтау министрлігі, Қазақстан даму институты, 1998 жыл, 509 бет. ISBN 5-7667-2616-3</ref>

Дереккөздер

<references/> {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}