Ольга Николаевна Ларионова

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Ольга Николаевна Ларионова (шын тегі − Тидеман) – кеңес, орыс жазушысы.

Өмірбаяны

1935 жылы 16 наурызда Ленинградта дүниеге келген. Ленинград университетінің физика факультетінде оқыған. Біршама уақыт инженер болып қызмет атқарып, 1967 жылдан бастап біржолата кәсіби жазушы болады.

Шығармашылық қызметі

1964 жылы алғашқы шығармасы «Киска» әңгімесі, 1965 жылы «Леопард с вершины Килиманджаро» романы жарық көреді. 1971 жылы «Остров мужества» жинағы басылып шығады.

Марапаттары

  • 1987 жылы «Соната моря» повесі үшін «Аэлита» әдеби сыйлығына ие болады.
  • 2001 жылы «Паладин фаетастики» шығармасы үшін «Странник» сыйлығының иегері болады.

Кітаптары

  • Знаки зодиака (1983) Әңгімелер
  • Лабиринт для троглодитов (1991) Трилогия
  • Остров мужества (1971) Роман, повесть, әңгімелер
  • Сказка королей (1981) Повестер мен әңгімелер
  • Соната моря (1985) Повесть
  • Формула контакта (1991) Жинағы.

Дереккөздер

<references/> {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}