Ольга Борисовна Лепешинская

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Үлгі:Тұлға Ольга Борисовна Лепешинская (1871 жыл 6 тамыз, Пермь - 1963 жыл 2 қазан, Мәскеу) - Ресейдегі революциялық қозғалыстың қайраткері, кеңес биологы, КСРО Мәскеу ғылым академиясының академигі (1950). 1898 жылдан Коммунистік партия мүшесі.

Еңбек жолы

Петербургте фельдшерлік курста оқып жүріп, 1895 жылы Петербург «Жұмысшы табын азат ету жолындағы күрес одағы» жұмысына қатысты. 1897 жылы Енисей губерниясында айдауда болды. Экономистерге қарсы жазылған «Ресей социал-демократтарының қарсылығына» қол қойды. 1900 жылдан «Искраға» көмектесуші Псков тобын ұйымдастыруға қатысты. 1903-1906 жылдары эмиграцияда болды. 1906-1910 жылдары Оршада партия жұмысын жүргізді, кейін Мәскеуде, Қырымда дәрігерік қызмет атқарды. Лозанна мен Мәскеу университеттерінің медицина факультетінде оқып, 1915 жылы бітірді. Подмосковная станциясы революциялық комитетінің мүшесі, 1919 жылдан Ташкентте, Мәскеуде, 1949 жылдан КСРО ғылым академиясының тәжірибелік биология институтында оқытушылық және ғылыми жұмыстарда болды. 3-сайланға РКСФР Жоғарғы кеңесінің депутаты. Жануарлар жасушаларының қабығы, сүйек талшығының гистологиясы жөніндегі еңбектердің авторы. Оның тірі зат деген түсінігі дәлелденбегендіктен қабылданбады.

Марапаттары

1950 жылы оған Мемлекеттік сыйлық берілді. Ленин орденімен және Еңбек Қызыл Ту орденімен марапатталған.<ref>Қазақ Совет Энциклопедиясы, Алматы, 1974ж., 7 том</ref>

Дереккөздер

<references/>