Ольга Алексеевна Решетниченко

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Ольга Алексеевна Решетниченко (5 мамыр 1914, Украина, Полтава облысы, Кременчуг — 4 шілде 2003, Алматы) — актриса, Қазақ КСР-інің халық арт. (1966) және Шешен-Ингуш АКСР-інің еңбек сіңірген артист (1940). 19301931 жылдары Днепропетровскідегі музыкалық-театр техникумында оқыды. Сахналық жолын 1931 жылы бастады. 1948 жылдан Қазақстандағы Балалар мен жасөспірімдер театрының орыс труппасында (қазіргі Орыстың мемлекеттік академиялық балалар мен жасөспірімдер театрында) актриса болды. Ол негізінен жас ұлдар мен қыздар рөлінде ойнау шеберлігімен ерекше көзге түскен сахна суреткері. Ал 1970 жылдан бастап “ересектер” рөлін ойнауға көшіп, көбіне комед. дарынымен көрермендердің ілтипатына бөленді. Киноға түскен.

Сілтемелер

"Қазақ Энциклопедиясы", 7 том

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}