Олонхо

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Олонхосаха (якут) халқының эпостық жыры.<ref>“Қазақстан”: Ұлттық энцклопедия/Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы “Қазақ энциклопедиясы” Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9</ref> Олонхо мифология және тарихи негізде дамыған батырлық эпостар аралығындағы жанрлық түр саналады. Мұнда ежелгі түркі-моңғол мифологиясының, мифология тарихи оқиғалардың және тұңғыс тектес халықтар мифологиясының сарындары бар. Олонхо жырлары, негізінен, той-томалақтарда жырланған. Көлемі екі-үш мыңнан жиырма мың жолға дейін созылады. Өлең құрылысы 7 – 8 буынды қазақтың жыр үлгісіне ұқсас келеді, тілі аллитерацияға өте бай. Жыр мотивтерінің қазақтың фольклорымен ұқсас тұстары жеткілікті. Мысалы, Алпамыс, Ер Тарғын , Қарадөң батыр, сондай-ақ қырғыздың Манас жырлары олонхомен сарындас келеді. Осының бәрі жыр сахалардың арғы ата-бабалары оңтүстікте, Байқал көлі маңындағы кең даланы мекендеген тұста туындағанын, қалыптасқандығын аңғартады. Олонхоны орындаушыларды олонхосут деп атайды. Олардың ішіндегі ең танымалылары ретінде Т.В. Захаров-Чээбий , Н.А. Абрамов-Кынат, т.б. атауға болады.

Ішкі сілтемелер

Сыртқы сілтемелер

Ер Тарғын

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}} {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}