Олар - Жезқазғанның мақтаныштары (кітап)

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Олар - Жезқазғанның мақтаныштары - 2004 жылы Алматыдағы «Үш қиян» баспасынан орыс тілінде жарық көрген кітап. Авторлары: К.Салықов, Е.Салықов. Жезқазған қаласының 50 жылдық мерейтойына арналып шығарылған. Жезқазған-Ұлытау өңірін даңққа бөлеген атақты адамдар – Қаныш Сәтбаев, В.В.Гурба, М.Бөпежанов, B.И.Штифанов, Т.А.Сәтбаева, И.И.Анарқұлов, Ө.Байқоңыров, Ш.Есенов, Г.Омаров, Д.Ешпанов, Т.М.Урумов, И.Е.Ли, Ж.Жанасов, О.Асылбеков, А.Абдулин, Т.Шарманов, C.Л.Лапан, Ж.Сейілов, Т.Қалмағанбетов, С.Асатов, Ә.Құсайынов, О.Исаев туралы, олардың сіңірген еңбектері, Үлкен Жезқазғанды құруы мен Жезқазған қаласының дамуы деректер негізінде баяндалады.

«Қаныш Сәтбаев - Жезқазғанның ұлы мақтанышы» атты мақалада ғалымның өмірі мен қызметі, Жезқазғанды зерттеудегі аса ірі еңбегі, артында қалған ұлан-ғайыр істері барынша ашып көрсетілген. Көпшілік оқырманға арналған. Көлемі 264 бет, таралымы 1000 дана.<ref>Қаныш Сатпаев. Энциклопедия / Бас редактор Б.Ө.Жақып. — Алматы «Қазақ энциклопедиясы», 2011 жыл. ISBN 9965-893-74-8</ref>

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}} {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}


{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Олар - Жезқазғанның мақтаныштары (кітап)|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }}