Оксикериттер

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Оксикериттер. Органикалық еріткіштерде еру қабілетін түгелге жуық жоғалтқан, бірақ келесі морылу сатысына тән сулы сілтілерде еру қасиетін де иемденіп үлгермеген, біршама жақсы тотыққан шайыртасты таушайырлардың тотық жіктемелік атауы. Бұлардың қарамағындағы сутек мөлшері болымсыз болып келеді (6-7 %), бірақ оттегімен жақсы қаныққан; құрамы мен өзіндік қасиеттері бастапқы таушайыр түріне және оның морылу дәрежесіне байланысты кең аралықта өзгеріп отырады. Әдетте оксикериттер омырылғыштық қасиетпен, кеуектілікпен, жалтырлығының болмауымен немесе күңгірттеу жалтырлықпен сипатталады. Түсі қошқыл-қоңыр реңнен ашық-қоңыр реңге шейін өзгереді. Оксикериттер таушайырлардың әр түрлі тектік тізбектерінде ұшырасады.<ref>Мұнай және газ геологиясы танымдық және кәсіптік-технологиялық терминдерінің түсіндірме сөздігі. Анықтамалық басылым.- Алматы: 2003. ISBN 9965-472-27-0</ref>

Дереккөздер

<references/> {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}