Оксана Александровна Яцкая

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Оксана Александровна Яцкая 1978 жылы 22 қыркүйекте Семей облысы, Ұржар ауылында туған. Орыс. Әкесі - Яцкий Александр Иванович (1956 жылы туған), ≪Қазауылшаруашылығытехника≫ бірлестігінде механик болып жұмыс істеген. Анасы - Яцкая Надежда Павловна (1956 жылы туған), ≪Қазпошта≫ АҚ хат тасушысы. С. Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік университетінің дене тәрбиесі және спорт факультетін бітірген (2002), дене тәрбиесі пәнінің оқытушысы. Орысжәне ағылшын (сөздікпен) тілдерін біледі. Шаңғы жарысынан ҚР штаттағы ұлттық командасының мүшесі. V қысқы Азия ойындарының екі мәрте алтын жүлдегері, күміс жүлдегері (2003); Бүкіләлемдік студенттік универсиаданың алтын және қола жүлдегері (2003); Бүкіләлемдік студенттік универсиаданың алтын жүлдегері (2005). VII Азиада ойындарының чемпионы (Астана, Алматы, 2011), 2x3 шаңғы жарысындағы командалық спринтте, 4x5 км эстафетадағы шаңғы жарыстарында, 1,2 км спринттегі шаңғы жарыстары бойынша қола жүлдегер. Спорт шебері (1996). Халықаралық санаттағы спорт шебері (1996). ІІІаңғы жарысынан ҚР Еңбек сіңірген спорт шебері (2002). Хоббиі - спорт, кітап оқу, шет елдердің тілдерін үйрену. Тұрмыс құрған. Жұбайы - Сидоренко Владимир Владимирович (1976 жылы туған), Жасөспірімдер спорт мектебі шаруашылығының меңгерушісі. Қызы - Екатерина (1999 жылы туған). <ref>Қазақстан Республикасында кімнің кім екені . Екі томдық анықтамалық. Алматы, 2011 жыл. ISBN 978-601-278-473-2</ref>

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}Үлгі:Bio-stub