Ойысым

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Ойысым. Жер қыртысының шөгінді, шөгінді-жанартаутекті, немесе жанартаутекті таужыныстармен жаппай көмкерілген біршама түсіңкі өңірлері. Әдетте Ойысым термині терең жарылымдар арқылы жапсарласқан дөңестермен жарыса ғаланатын ұзынынан-ұзақ созылған (енінің ұзындығына қатынасы 1:3 іамасында) тектоникалық құрылымдар хақында қолданылады.

Ойысым түрлері

  • Теңдескен ойысым. Шөгіндену жылдамдығы ойысу жылдамдығына сәйкес келуі нәтижесінде шөгінді түзілуінің батиметрлік немесе гипсометрлік деңгейлері ұзақ уақыт бойына бірқалыпты сақталатын немесе өте болымсыз мөлшерде өзгеретін кең ауқымды ойысу аймағы.

Шеткі ойысым. "Ілгергі ойысым "терминінің синонимі.

  • Үстемеленген ойысым. Бұрыннан бар көне тектоникалық ұрылым аумағының қайтадан ойыса бастауы нәтижесінде қалыптасатын, өз түзілімдері көне кұрылым жаралымдарын бұрыштық үйлесімсіздікпен көмкеретін ойысым.
  • Теңдеспеген ойысым. Ойысу жылдамдығы шөгіндену жылдамдығына қарағанда әлдеқайда қарқынды болуына байланысты ол шөгіндену алабы түбінің батиметрлік немесе гипсометрлік деңгейлері үздіксіз яки азды-көпті үзілістермен үнемі төмендей беретін кең ауқымды ойысу аймағы.
  • Қалдық ойысым. Геотектоникалық циклдің аяқшенінде, яғни қозғалмалы аймақ дамуының инверсиялық көтерілу сатысының соңғы кезеңдерінде сол аймақ ауқымындағы нақтылы өңірдің төмен ойысуы нәтижесінде оқшауланатын ойысым.
  • Ілгергі ойысым. Ұзақ қашықтықтарға сағаланатын (әдетте 1000-ден астам), көлденең қимасы жалқыпішінді, платформа мен қатпарлы құрылымның аралық белдемінде, яки бұрынғы геосинклин алқабы орнында пайда болатын, молассалы кешенмен және әр түрлі магмалық таужыныстармен тең ойыс құрылым. Ілгергі ойысымдар әдетте бір-біріне тізбектеле жалғасқан бірінен көлденең дөңестер арқылы оқшауланған ойыстар жүйесін құрайды. Синонимі — "шеткі ойысым ".
  • Тауалды ойысым. Жер қыртысы дамуының орогендік сатысы барысында платформа мен катпарлы алқап жапсарларында пайда болатын мейлінше ірі жалқыпішінді ойысым. Эпигеосинклидік қатпарлы алқаптар өңірінде Тауалды ойысымдар әдетте шеткі ойысымдар ауқымында қалыптасады. Эпиплатформалық орогендік алқаптар өңіріндегі Тауалды ойысымдар таулы кұрылымдарға айналған тектоникалық тұрғыдан белсенді платформалар мен мейілінше салғырт платформалардың бір-бірімен орайласу аймағында калыптасады. Тауалды ойысымдар, шеткі ойысымдар сияқты, өте ірі созылмалы кұрылымдар қатарына жатпайды, яғни сағалану қашықтығы 1500 км-ден аспайды. Мұнай мен газдың өндірістік қорлары әдетте эпиплатформалық орогендік облыстардағы Тауалды ойысым дарда үшырасады. Шөгінділердің көлемі жағылан мұнайгазды ішінде мейілінше шағындары да (50 мың км3, мысалы, Ратон ойысымы), өте ірісі де (3777500 км3, Батыс Канада ойысымы) кездеседі. Тауалды ойысым қимасының орташа қалыңдығы 2,2-3,7 км аралығында, кейде 11,2 км-ге жетуі мүмкін. Тауалды ойысымдар үнемі жалқыпішінді болып келеді, олардың ішкі қапталы тік құлайды да, сыртқы қапталы бірте-бірте еңістеледі. Тауалды ойысымдардағы көмірсутектердің өзіндік қоры шеткі ойысымдардың осы көрсеткішімен салыстырғанда аздау болып келеді (1,7-9,3 мың т/км3).
  • Мұрагер ойысым. Аймақ дамуының бұрынғы геотектоникалық циклі кезінде қалыптасып, оған жалғасқан келесі цикл барысында да өз ауқымының ойысуын жалғастырған ойысым. Оңтүстік Каспий ойысының әлпілік тектоникалық цикл барысында да ойыс күйін сақтауы Мұрагер ойысымының мысалы бола алады.
  • Геосинклиндік ойысымдар. Геосинклиннің жаппай ойысуы барысында пайда болатын, негізінен ұзынынан-ұзақ созыла сағаланатын жалқыпішінді және түсіңкі кұрылымдар жиынтығы.
  • Орогендік ойысымдар. Орогендік алқаптар құрамында қалыптасатын ойысымдар. Бұлар жеке-дара белдем түрінде орогендік алқаптар немесе ойпаттар тізбегі орогендік алқаптар өңірінен көрініс беретін түсіңкі кұрылымдар. Әдетте бір-бірімен ұштаса ұшырасатын көтерілу және төмендеу өңірлеріне шекаралас терең жарылымдар белдемін бойлай орналасады.<ref>Мұнай және газ геологиясы танымдық және кәсіптік-технологиялық терминдерінің түсіндірме сөздігі. Анықтамалық басылым. — Алматы: 2003 жыл. ISBN 9965-472-27-0</ref>

Дереккөздер

<references/> {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}